Спорт • 29 Шілде, 2019
Әлем біріншілігіне әлді боксшыларды апарса...
Өткен аптада Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтанда бас қосты. Мақсат – бокстан жетінші рет ұйымдастырылған халықаралық Президент кубогы жарысының бас жүлдесін иелену. Елордамызға кубалық «қара маржандар» келмеді демесеңіз, боксы қарқынды дамып келе жатқан Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Сирия, Филиппин, Тәжікстан және Ресей мен Өзбекстаннан келген 123 боксшы турнирдің көрігін қыздырды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан қалай арыламыз?
Елімізде экологиялық ахуалды оңалтуға нақты қадам жасала бастады. Президент Қ.Тоқаев ұлықтау салтанатында: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет етіп, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі – Ғұмар Қараш. XX ғасыр басында Ғ.Қараш қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары бұл кісі Орда, Орал қаласында Е.Бұйрынмен бірігіп, «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Қазақ ән өнерінің қайталанбас тұлғасы, талай талантты әншілердің тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы болған Бекен Бәкенұлы Жылысбаевтың өмірден озғанына алдағы желтоқсанның 25 жұлдызында бес жыл болады. Қазақстанның халық әртісі, асқақ дауысты әнші, қазақ академиялық вокалдық педагогикасының тұңғыш профессоры, аталмыш саланың теңдесі жоқ білімді де білгір ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен ағаның өнегелі өмір, тағылымды еңбек жолы өнерді, өнерліні бағалай білетін елдің есінде мәңгі сақталатындығы белгілі.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Тауына қасиет тұнған, даласына сұлулық қонған Қарқаралы өңірі – талай хас батырды өмірге әкелген киелі мекен. Бұл жақтағы халық та отаршылдыққа мойымаған, өр тұлғалы, ер мінезді, сертке берік, шешен келеді. Солардың қанынан жаратылып, Жарлы өзенінің бойында Қарқаралы тауларының Шаңкөз шыңына қарап құмартып өскен, қазақтың қайсар қыранына айналып өмірі қиылған Нұркен Әбдіров аты алты Алашқа аңыз болған, тәні қан майданның қызыл қырғынында қалған айбоз ұл еді.