Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Қасиетті Қызбелге қамқорлық қажет
Қостанай облысына қарасты Арқалық-Торғай бағытындағы тас жолдың 200 шақырымынан соң көлікті оңға бұрып, Кеңес заманында салынған көтерме жолдың ойқы-шойқысына төзіп тағы 50 шақырым жүріп өтсеңіз Қызбел ауылынан бір-ақ шығасыз. Бұл ауыл Кеңес одағының дүркіреп тұрған кезінде республикада ірі қара саны бойынша алдыңғы орындарда тұрған. Бүгін де әлеуеті әлсіз емес. 800-ге жуық тұрғын мал өсіріп, сауда-саттықпен күн көреді.
Әлем • 19 Шілде, 2019
«Қара алтын» нарығында қашан теңгерім орнайды?
Жуырда Брент маркалы мұнай бағасының 1 баррелі 67,72 долларға дейін жетіп, 2018 жылдың қарашасынан бергі максимумға қымбаттады. Бағаның көтерілуіне АҚШ-тың Венесуэлаға санкциясы, доллардың өзіндік құнының арзандауы, АҚШ энергетика агенттігінің мәлімдемесі мен ОПЕК айналасындағы соңғы жаңалықтар ықпал етті.
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Ақтөбе тұтастай ел экономикасының өрге басуына өз үлесін қосып келе жатқан өркенді өңірлердің бірі. Облыста былтыр экономикалық өсім 5 пайызды құрауы осы пікіріміздің басты айғағы. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен біршама жоғары. Осындай өндірісі мен өнеркәсібі өркен жайған өңірде автожол құрылысының қарқыны баяулығын, жарамсыздық деңгейі жоғары облыстық және аудандық жолдарды қалпына келтіру ісі төмендігін немен түсіндіруге болады?
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Өмір сапасы – әлеуметтік мемлекет кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке бірқатар нақты тапсырма берген-ді. Солардың арасында ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту мәселесі бар. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуды өзінің ең басты мақсаты ретінде қарастыратынын айтқан.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Ауызбірлікке бастайтын алуан пікірлер алаңы
Көп – көреген. Көпке түскен іс анығына барады. Сол үшін де бұлтқа қарамай, жұртқа қарап, бірмен сырласпай, мыңмен кеңеспек ләзім. Қазақ айтады: «Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол». Батыс қоғамы бұл реткі құндылықтарды азаматтық қоғам деп дәріптесе, ұлтымызда дала демократиясы ретінде ертеден қалыптасқан, дәстүрге кірігіп кеткен дүние. Яғни, қазақ халқы кез келген қуаныш пен қиындықты көппен бірге өткергенді жөн санайды.