Қоғам • 16 Шілде, 2019
Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтау саласының басты проблемаларының бірі болып отыр. Бұл көбіне ересек адамдарды мүгедектікке немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды.
Қоғам • 16 Шілде, 2019
Фенилкетонурия – тұқым қуалайтын дерт
Дамыған мемлекеттерде жаңа туған нәрестелердің барлығына толық биохимиялық скрининг жасалады. Елімізде әзірге бұл тек тұқым қуалайтын екі ауруға, яғни фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға жасалады.
Қоғам • 16 Шілде, 2019
Отбасы мүшелерін түгел танитын дәрігер
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы денсаулық сақтау саласының тиімді қызмет ету жолында тұрғындарға алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін жұмысты оңтайландыру қазіргіден жемістірек жәрдем етер еді деп санайды. Өйткені алдына келген пациентті арнайы маман-дәрігерге қаралып келіңіз деп жолдама беруімен учаскелік терапевт көбіне диспетчерге айналып, өзіне бекітілген аумақтағы адамдардың денсаулығының жайынан бейхабар қалып жатады. Ал жалпы практикадағы отбасылық дәрігерлік жүйенің артықшылығы сол ол отбасы мүшелерінің барлығын танып, олардың денсаулығын қадағалап, жіті қарап отырады.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Кәсіпкерлік белсенділік неге төмен?
Бүгінде кәсібінің нәсібін көруге ниеттенгендердің біразы шағын және орта бизнеспен айналысқанды хош көреді. Өйткені соңғы жылдары бұл бағытқа мемлекет тарапынан жете көңіл бөлініп келеді. Қарастырылған жеңілдіктіктер де қыруар.
Экономика • 16 Шілде, 2019
Сарапшылардың айтуынша теңгенің өзіндік құнына геосаяси ахуал, халықаралық сауда мен мұнай нарығы секілді сыртқы факторлардан гөрі халықтың жалақысы, әлеуметтік жағдай мен «қарапайым заттар экономикасы» көбірек ықпал етіп отыр.