Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Қостанай кілең «самородок сары алтынды» жинады. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залы лық толды. Осында «Республика-Өңір-Даму» республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сегізінші рет өтетін «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында «Жас өркен» балалар сыйлығы тұңғыш рет тапсырылды.
Сұхбат • 29 Мамыр, 2019
Жуықта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп елордада «Nur-Sultan Ethno Fest» атты этнофестиваль мерекесін өткізбекші. Этноспорт және ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара туралы кеңірек білу үшін Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбаймен сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Мұнайлы аймақта мұғалім жетіспейді
Маман тапшылығы мәселесін шешу үшін Атырауға әлі 472 ұстаз керек. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратованың айтуынша, көршілес өңірлердегі жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізілген. Соның нәтижесінде жаңа оқу жылында облысқа 174 жас маман келмек.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Әртүрлі маркадағы автокөліктер жарысы және оның руліндегі «шабандоздардың» шеберлігін маңғыстаулықтар бұрын тек теледидар арқылы тамашалайтын болса, қызықты спорт додасы қазір өңір тұрғындарының өз арасына келді. Маңғыстау даласының табиғи ерекшелігі туристік әлеуетті арттыруға соншалықты қызғылықты десек, мұның бір дәлелі – соңғы жылдары тұрақты түрде авторалли жарысының аймақта өтуі болмақ.
Қоғам • 29 Мамыр, 2019
Кейіпкерімізбен кездейсоқ кездескенбіз. Автобус аялдамасында. Жол тосқан жолаушының қарасы аз еді. Сонадайда студенттер болар, төрт-бес бозбала өзара сөйлесіп тұрған. Бәрі қазақтың балалары болғанымен, тілдері орысша. Мән бермегенбіз. Біздің өлкедегі көз үйренген көрініс. Әлден уақытта сәнді киінген, сұңғақ бойлы жас жігіт келіп ескерту жасады.