Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласындағы «Шахристан» базары жабылып, нысан қараусыз қалғандай күй кешкен болатын. Талай жылдан бері жергілікті халықтың күнкөрісіне айналып келген орталықтың жұмысы бір күнде тоқтап қалады деп ешкім де ойламаса керек. Мұны әркім әр саққа жүгіртіп, түрлі пікірлер тудырды. Алайда ежелгі шаһардың орны табылған мекен ұлт тарихының ұлы құндылығы болып осы күнге дейін жетіпті.
Медицина • 30 Мамыр, 2019
Медициналық туризм: сырттан келетіндерден сыртта емделетіндер көп
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеу экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді. Өйткені тәнді сауықтыру үшін де әмияныңызды әжептәуір жұқартуға тура келеді. Дегенмен ғылым мен технология дамыған заманда аз ақшаға сапалы ем алу жағдайы да қарастырылған. Статистикаға көз жүгіртсек, былтыр Қазақстанға 2 мыңнан аса шетелдік емделуші келіп кеткен екен. Алайда өзге елдің дәрігерлеріне жүгінген отандастарымыздың саны 50 мыңға жуықтап, ішкі нарықта теріс сальдо байқалған. Мұның басты себебі неде? Елдегі медициналық туризмді өркендету үшін қайтпек керек? Міне, осы және басқа да көкейкесті сауалдарға жауап іздеп, аталған саланың мән-жайына қанықтық.
Тарих • 30 Мамыр, 2019
Геолог Оразалы Жандосовтың өмір жолы мен қызметі туралы жазылған жарияланымдар көп емес. Бұдан бұрын ғалым Н.А.Әзербаевтың «Репрессированные геологи (1937-1938гг.)» және журналист С.Жанәбілдің «Оразалы Жандосовты білесіз бе?» атты мақалалары жарық көрді.
Сайлау • 29 Мамыр, 2019
Әлеуметтік мәселелер – басты назарда
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында президенттікке кандидаттардың бағдарламалары жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Оның ішінде көрініс тапқан ұстанымдардың дені халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Сайлау • 29 Мамыр, 2019
Сайлау – конституциялық түсінік
Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңға сай Орталық сайлау комиссиясы барлық құқықтық талаптар сүзгісінен өткізіп, үгіт-насихат жолына түсірген жеті кандидат бүгінде өз мүмкіндіктерін жіті пайдалануда. Еркін елдің ертеңін ойлаған олардың әрқайсысынан ел зор үміт күтеді. Ал сол ақ үміттің ақталуы сайлаудың әділ де заңды өтуі болмақ. Міне, осы талаптың толық сақталуы үшін заңмен нақты кепілдік берілген.