Руханият • 31 Мамыр, 2019
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарғы ойранынан қазақ зиялыларының ойлы ортасы болған «Ұшқыннан» бастап «Социалистік Қазақстан» болып аталғанға дейінгі аралықта басылымды басқарған редакторлардың қай-қайсысы да аман қалған жоқ, қуғын-сүргінге ұшырады, атылды. Қаламымен де, қайраткерлігімен де халқының тарихын таңбалаған сол асыл тұлғаларды тағы бір мәрте оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Жақында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. 9 жыл Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы болған Ораз Жанұзақұлы «Егемен Қазақстан» газетіне де бөтен емес: басылымның 100 жылдық тарихында газетке басшылық еткен редакторлар тізімінде Ораз Исаев №13 болып тұр.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2019
Бейбіт Қойшыбаев: Ұлттық мемлекеттілікпен мақтанатын тарих керек
– Саналы ғұмырын ұлттың мұрат-мүддесіне, ұлт азаттығының жолына арнаған ұлт қайраткерлерінің бірқатары жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отырған «Егемен Қазақстанның» бастауында еңбек еткені белгілі. Сонау сұрапыл жылдарда жүзден астам журналистің саяси қуғын-сүргінге ұшырағандығы белгілі болды.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2019
Өркениет көшінен өз орнымызды табатынымызға сенемін
«Қазақстанның құрметті журналисі», Ақтау қаласының құрметті азаматы, белгілі қаламгер Маңдайлы Қосымбайдың есімі оқырманға кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі ретінде мұнайлы өңірдің мұң-мұқтажы мен экономикалық-әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігі жайында жазған қадау-қадау мақалалары арқылы етене таныс. Қырық жылдық журналистік жолында өзі өскен Жетісай аудандық (Түркістан облысы), кейін Маңғыстау облыстық газеттерінде, сондай-ақ «Егеменнің» ұстаханасынан шыңдалып шыққан қаламгер 2002-2015 жылдары облыстық «Маңғыстау» газетінің, «Шерқала» журналының бас редакторы, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды. Өңірдің рухани дамуына атсалысып, саналы ғұмырын журналистикаға арнаған ардагер әріптесіміз – бүгінгі таңда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі... «Егеменнің» ғасырлық тойы қарсаңында сонау өткен жылдар ізінен өзгеше өрнек іздеп көру мақсатымен Маңдайлы ҚОСЫМБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2019
Қаһармандарымызды толық ақтай алмай жүрген халықпыз
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жақындаған сайын қазақ халқының көкірегін қарс айырған өкініші мен күрсінісі үдей түседі. Өйткені бұл күн біздің ұлттық тарихымыздағы ең сорақы оқиғаларды еске түсіреді. Соған орай «Қаһармандар» қорының президенті, осы мәселелерді зерттеумен ұзақ жылдан бері түбегейлі айналысып келе жатқан Сабыр ҚАСЫМОВТЫ әңгімеге тартқан едік.