Руханият • 03 Маусым, 2019
Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Руханият • 03 Маусым, 2019
Ән мен күйге бөленген Тобыл-Торғай
Торғай даласы мен Тобыл жағасы Ғафу ақын айтқан «тарихтың қойып кеткен арбасындай», халқымыз басынан кешкен талай тарихтың куәсі ғана емес, өнердің де ордасы болған жер. Торғай өңіріндегі әрі жырау, әрі күйші, әнші өнерпаздар Уақ Жұмабай, Қарпық Шолақұлы, одан бері Ахметбек Әбіқаев, Жүсіпбек Салықов, Қашқынбай Қазұлы, Нұрхан Ахметбеков, композиторлар Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, қобызшы Қажыбек Әбенов, Абай Байтоғаев, олардың ізі композитор, әншілер Қалибек Дербісалдин, Бақытжан Сәуекенов, Гүлнар Үсенова, жырау Нағашыбай Алпысов, тағы басқалар болып кезең-кезеңімен жалғаса береді. Ал Тобыл өңірінде өткен Басықараның Қанапиясының өзі неге тұрады? Ақындығымен қатар бірнеше әні қалған Нұржан Наушабаевтың, ән атасы Әбілахат Еспаевтың, Ехсан Есетовтің, әншілер Мұхамеджан мен оның баласы Байғоныс Мұхамеджановтың қазақ ән өнеріне қосқан үлесі аз емес. Қазақ театр өнерінің пайғамбарлары туралы сөз бөлек.
Тарих • 03 Маусым, 2019
Талас Омарбеков: Жер бетінде қазақ сияқты қасірет көрген халық жоқ
Өткен тарихыңды таразыламай, болашағыңның кемел болуы неғайбіл. Қазақ тарихында да ақтаңдақтар жеткілікті, оның ішінде кеңестік дәуір тарихи бағасы берілмеген қасіретті кезеңге толы. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековпен болған сұхбат осы тақырып төңірегінде өрбіді.
Қоғам • 03 Маусым, 2019
Осы жылғы 27 ақпан күні таңғы сағат 6:10 шамасында Тараз қаласындағы Мыңбұлақ шағын ауданындағы №9 үйде газ жарылып, біраз адам зардап шеккен болатын. Тіпті оқыс оқиғаның салдарынан опат болғандар да бар. Аталған қайғылы оқиға, қаралы хабар Тараз жұртшылығының ғана емес, еліміздің әр түкпіріндегі тұрғындардың да еңсесін түсірген еді. Әрине, бүтін бір үйдің дүмпуінің қорқынышынан жергілікті халық көпке дейін арыла алмады.