Қоғам • 17 Мамыр, 2019
Қоғамды жемқорлық дертінен емдеудің игі жолы
Қазір облыстағы 504 мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр. Оқушылар үзіліс кезінде сөредегі су, шай, печенье секілді тамақтарды сатушысыз өздері алып, ақшасын қойып кетеді. Мұндай дүкендер жоғары оқу орындары мен колледждерде де орналасқан. Жақында облыстық әкімдік ғимаратында да осындай бір дүкен ашылды. Біраз мекемелерде «Адалдық кітапханасы» қойылған. Әсіресе «Адалдық дүкенінен» керегін алып, ақшасын төлемей кетсе де, оны ешкім ұстап алып, жазалайын деп жатқан жоқ. Оған әркімнің ары күзетші болуы тиіс.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Біздің буын өкілдерінің жастық шағы тамаша бір кезеңге тап келді. Біз таза ауамен тыныстадық, экологиялық тұрғыда таза тамақ іштік, білім мен медицина тегін болды, нағыз ақындар мен жазушылардың шығармаларын оқып, нағыз әншілердің әндерін тыңдадық. Және ол кезде әншілер әнді қазіргідей фонограммамен емес, жанды дауыспен мейлінше табиғи түрде орындайтын.
Сұхбат • 17 Мамыр, 2019
Уақытқа төте жол тапқан қаламгер
Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, белгілі журналист-жазушы Марат ТОҚАШБАЕВ жақында 70 жасқа толды. Ел газеті «Егемен» Марат Бәйділдәұлын мерейлі жасымен құттықтай отырып, осы сұхбатты оқырман назарына ұсынады.
Сайлау • 17 Мамыр, 2019
Халықаралық байқаушылармен кездесті
Орталық сайлау комиссиясында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларымен кездесуі өтті. Онда ТМД ПАА байқаушылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру барысымен етене танысты.
Әлем • 17 Мамыр, 2019
АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы: миллиондардың арқасына түсетін салмақ
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өзінің шарықтау шегіне жақындап келеді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бір қалыпқа түскен көп жылдық тәжірибені оқыс бұзуға болмайтынын түсінгісі келмеген АҚШ президенті Д.Трамп негізгі экономикалық бәсекелесін бірден тұқырту мақсатын көздеп, сауда текетіресін жалғастырып отыр.