Сайлау • 20 Мамыр, 2019
Сайлаушылар өз құқықтарын білуі тиіс
Шымкент қаласында «Аманат» сайлауды байқау жөніндегі азаматтық платформасында алдағы саяси науқан кезінде сайлаушылардың заңдық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті. Онда Азаматтық платформаның жетекшісі Мұсағали Дуамбеков, штаб жетекшісі Лима Диас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімеледі.
Руханият • 20 Мамыр, 2019
Ел тарихы – жәдігерлерімен жасампаз. Азияның алып төсінде киімі алтын, күлігі арғымақ көшпелі тайпалар сақтың салты мен ғұнның ғұрпынан тамыр тарта отырып ұлы империя – түрк қағанатын құрып, Алтын Орданың шаңырағын көтерген қазақ ұлысы ежелден мұрағатқа бай. Тарихы терең, тағылымы ерен сол түркі нәсілді түбі бір тайпалар тұтынған көне жәдігерлер бүгінде қазақ даласының қай қиырынан да кездеседі.
Экономика • 20 Мамыр, 2019
Елорда төрінде жаһандық қаржы жүйесінің жаңа мүмкіндіктері қаралды
Астана экономикалық форумының екінші күні де ауқымды мәселелер талқыланған алқалы басқосуларға ұласты. Панельдік отырыстар мен дөңгелек үстелдердің басында отандық және шетелдік саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер халықаралық деңгейдегі маңызды проблемаларды көтеріп, оны шешу жолдарына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2019
Инвестициялық ахуалды жетілдіру жолдары Атырауда өткен дөңгелек үстелде талқыланды
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жыл санап артып келеді. Осы бағытта қолға алынған шаралардың нәтижесінде еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі мен Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтіндегі көрсеткіштерін жақсартты. Атырауда «Инвестициялық ахуалды дамыту: өңдеуші өнеркәсіп саласына стратегиялық инвесторларды тарту және экономиканың басым секторларында «зәкірлі инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті еліміздің инвестициялық ахуалына қатысты мәселелерді жан-жақты талқыға салды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Үгіт жұмыстары белсенділікпен жүргізілуде
Президенттікке кандидаттардың өңір-өңірдегі қоғамдық штабтары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Сайлауалды бағдарламаларды таныстыру барысында әр аймақтың тұрғындарын толғандырған мәселелер де назарға алынуда.