Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Елбасының әлеуметтік бастамалары – халық игілігіне бағытталған бағдарламалар
Өткен жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөнінде халыққа арнаған үндеуінде: «Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды!» деп, әрбір қазақстандық отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыскерлердің еңбекақысын көбейту жөніндегі кең ауқымды шараларды жариялаған болатын. Бұл ел экономикасының алға басуының, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың нәтижесінде жүйелі іске асырылып қана қоймай, ауқымы одан әрі кеңейтіле түсуде.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2019
Жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтті
Бүгінде ел жастарын жұмыспен қамту күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Биыл бұл істі мүмкіндігінше жолға қоюға үлкен күш жұмсалуға тиіс екенін Елбасы Жастар жылының ресми ашылуында баса айтты. Осы орайда Алматыдағы «Арбат» алаңында бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 5 мыңнан астам жұмыссыз жас қатысты. Оның жартысына жуығы еңбек пен оқуды қатар ұштастырсақ деген ниеттегі жоғарғы курс студенттері.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2019
Шипажайлардың шипасы арта түспек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс деп атап көрсеткен болатын.
Қоғам • 13 Мамыр, 2019
Атамекеннің құдіреті мен қызғалдағы
Әдетте, Торғай өңіріне той таңсық емес. Ұлтымыздың тарихын, дәстүрін, салтын, Алашының арысын, батыры мен ақынын іздеген кісі Торғай өңіріне келсе болады. Бірақ биыл Амангелді ауданында бірінші рет өткен «Айналдым сенен, Атамекенім!» деген атпен қызғалдаққа арналған фестивальдың жөні бөлек еді.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2019
Заңсыз балық аулаудың зардабы көп
Тіршілік атаулының қайта түлеп, жаңаша кейіпке енетін көктем мезгілі шаруаға да қолайлы кезең. Әсіресе көктемгі егіс даласында жұмыс жанданып, қарбалас қыза түседі. Сонымен қатар табиғаттың тірі байлығын қорғаудың да маңыздылығы арта түсетіні шын. Әсіресе су айдындарында балық аулаушылардың қара көбейтетіні де осы уақыт. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дей тұрғанмен, заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді.