Спорт • 09 Мамыр, 2019
Мұхаммед пен Мэннидің мәрттігі
Жуырда АҚШ-тың әйгілі «Time» журналы жер жаһандағы ең ықпалды 100 адамның тізімін жария етті. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін есімдерін жатқа білетін бес бірдей спортшыны айтулы басылым үздіктер қатарына енгізген екен. Ал солардың арасында атақты футболшы, Мысырдың ұлттық құрама мен Англияның «Ливерпуль» клубының сақа ойыншысы Мұхаммед Салахтың көші бәрінен ілгері тұр. Бүгінгі таңда ол «Титан» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылып отыр.
Руханият • 07 Мамыр, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде халқымыздың тарихи санасы мен өлкетану мәдениетін арттыру жолында жасалып отырған істің бірі – ел көлеміндегі жалпы ұлттық қасиетті нысандарды тізімге алу болса, сондай жәдігердің бірі – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Құмай өзенінің аңғары Бұйратау баурайында орналасқан Қосбатыр-Құмай кешені.
Қоғам • 07 Мамыр, 2019
Ұлы дала арулары – Отан қорғаушылары
Бұған дейін әлем тарихында «жауынгер әйел» деген ұғым тек ерекшелік болатын. Ал XX-XXI ғасырлар тоғысында әскери қызметші әйел немесе жауынгер әйел сияқты мамандықтың болуы ешкімді таңғалдырмайды. Қоғам ежелден бері ерлермен қатар тұратын және Отанына күрделі және қиын уақыттарды жеңуге көмектесетін әйелдерді мадақтаған және мадақтайды. Бұған Қазақстанның мыңдаған әйелдерінің 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерлік күрестері, тылдағы қайсар еңбегі дәлел.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2019
Қуатты армия – мемлекет қалқаны
Тәуелсіз еліміздің шебі бекем, шекарасы бүтін болуы үшін қалтқысыз қызмет ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – биыл 27 жыл. Осы уақыт аралығында ұлан-ғайыр даламызды қапысыз қорғауға қауқарлы кәсіби сарбаздар мен заманауи техникамен жарақтанған айбынды армиямыз аяғынан нық тұрды.
Қоғам • 07 Мамыр, 2019
Таяуда Павлодар облысындағы Ақсу қаласының іргесінде басталған «алтын дүрбелеңі» саябырлаған сыңайлы. Ғайыптан тайып байып қалсам деген арманның жетегіне ерген жүздеген адам күрек-сүйменмен қаруланып, экскаватор сияқты ауыр техникалар әкеліп, тып-тыныш жатқан жердің астаң-кестеңін шығарып қазып, күл-топырақты жүк көліктерге тиеп әкетіп, әбден әбігерге түсіп жатқанына куә болған едік. Себебі топырақтың құрамында бағалы металл бар-мыс.