Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
1987 жылғы Жеңіс мейрамында біздің Қаракемер ауылында соғыстан қайтпай қалғандарға арналған Өшпес Даңқ алаңының ашылу салтанаты өткен болатын. Ондағы тас тақталарға есімі ойып жазылған 246 боздақтың бірі – 316-шы атқыштар дивизиясының атақты мергені болған Әбіл Нүсіпбаевтың ерлік жолдары мені қатты қызықтырды. Сол күннен бастап осынау батыр жерлесіміз туралы деректерге ден қойдым.
Қоғам • 09 Мамыр, 2019
Соғыс балалары терминін енгізу қажет пе?
Соғыс балаларының мәртебесін заңдастырып беретін заң әлемде жоқ. Бірақ қолданыстағы заңдарына өзгерістер енгізіп, құқықтық сипат беруге талпынған елдер бар.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Қаһармандар есімі халқымен қауышады
Кеше Nur Otan партиясының Орталық аппаратында «Отан қорғаушы» мерекесіне байланыстырылып, «Ұмытылған қаһармандар» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл еңбекке Ұлы Отан соғысында ерлігімен көзге түсіп, жоғары наградаларға ұсынылғанымен, түрлі себептерге байланысты тиісті марапатына қол жеткізе алмаған батырлар туралы мәліметтер жинақталған.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Студенттік кәсіпкерлік өңірлерді дамытуға серпін береді
Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еліміздегі Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, «Жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік ғылым, инновация, білім, бизнес» тақырыбы аясында кәсіпкерлік білім беру мәселелері талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Болат Бақауов, Омбы, Новосібір университеттерінің ректорлары, Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов қатысты.
Экология • 09 Мамыр, 2019
Көлден де қыруар табыс табуға болады
Орынбордағы Соль-Илецк курорты бұрынғы тұз карьерлерінің қалдығынан атышулы демалыс аймағына қалай айналды? Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлі ше? Аталған көлдерден артық болмаса кем түспейтін Индердің Тұздыкөлі мен карьерлерін қалай кәдеге жаратып, халық игілігіне пайдалануға болады? Осы сауалдарға Ресейдің Орынбор облысындағы Соль-Илецк және көршілес облыстағы Шалқар көлінің туризм саласының жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмасуға барған сапарымызда жауап іздеп қайттық.