Әлем • 06 Мамыр, 2019
Ядролық қарусыз әлем құру – адамзаттың асыл мұраты
Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1994 жылы Қазақстан тарапы ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылған болатын. Оған дейін біздің еліміз Семей сынақ полигонын жабу, ядролық ел мәртебесінен бас тарту және КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған барлық ядролық қаруды Қазақстанның аумағынан шығару сынды ауқымды жұмыстарды жүзеге асырған еді.
Саясат • 06 Мамыр, 2019
Шотландия тәуелсіздікке қайта ұмтылмақ
Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуға талпынысы Шотландияның дегбірін қашырды. 300 жылдан бері ағылшындардың шалғайынан ұстап келген ел 2014 жылдың қыркүйек айында алғаш рет биліктегі ұлтшылдардың бастамасымен тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткізген болатын. Сол кезде халықтың 55 пайызы Біріккен Королдіктің құрамында қалуға ықылас білдірген еді.
Руханият • 06 Мамыр, 2019
Қоғам • 06 Мамыр, 2019
Құмар ойын қаныңды қыздырып, жаныңды бұзбасын!
Біздің халқымыз ежелден түрлі құмар ойындардан өз бойларын аулақ ұстаған есті халық болатын. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, көтен жеген озар» дегенді де есті халқымыз текке айтпаған-ау деп ойлаймын. Бұл арада «қой бағуды», яғни еңбек етуді бәрінен де жоғары қоя білгендік тұр. Еңбек ету, тағы да еңбек ету!
Саясат • 06 Мамыр, 2019
21 сәуірден бері Шри-Ланка елінде бірнеше теракт болды. Дәл осы уақытта Шри-Ланка христиандары Пасха мерекесін тойлап жатқан. Олар әдеттегідей мейрамды атап өту үшін жергілікті шіркеулерге барған. Дәл сол сәтте үш шіркеуде және төрт қонақүйде жарылыс болады. Оларды жанкештілер жүзеге асырған.