Руханият • 16 Сәуір, 2019
Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады. Ондай ерекшелік бізде де бар. Ол – қазақтың бойына біткен әншілік. Әлде Алланың берген сыйы ма, әлде кең-байтақ далада өмір сүргендіктен ештеңеден қысылып-қымтырылмай дауысын еркін жіберіп дағдыланғанының арқасы ма, әйтеуір біздің ұлтымыздың әндері әуезді, кең тынысты болып келеді. Ондай ғажап әндерді өмірге келтірген адам оларды нақышына келтіріп орындай да білуі тиіс. Сондықтан да қазақ ұлты басқа-басқа, нағыз әншіге ешқашан кенде болған емес.
Қоғам • 16 Сәуір, 2019
Гаухар Ахметова: Бәсекеге қабілеттілікке бағытталған қадам
– Гаухар Ғалымқызы, сіз жетекшілік ететін оқу орнына болашаққа жаңаша көзқарас қалыптастыратын халықаралық бағдарламалар қандай серпін беруде?
Технология • 16 Сәуір, 2019
«ҚазАқпараттың» латын қарпімен хабар таратуы 2004 жылдан басталды
Сөз жоқ, латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін аса маңызды өркениетті шешім. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей, «латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманға технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты». Бұл шешім, сонымен бірге, қазақ тілінің өз ерекшелігіне сай дыбысталу жүйесін қалпына келтіру, табиғи таза қалпын сақтау, басы артық жат әріптерден арылу, тіліміздің үндестігіне сай дұрыс емле жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің халықаралық білім мен ақпарат кеңістігіне кірігуіне, түбі бір түрік дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге жол ашады...
Аймақтар • 16 Сәуір, 2019
Киелі шаһардың қасиетін арттырайық!
Жақында Түркістан қаласына барып қайттым. Әйгілі Мағжан ақын: «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп жырлаған өңірдің шырайы кіріп тұр екен.
Технология • 16 Сәуір, 2019
Аралды ғарыштан зерттеу өңірдің экологиялық және экономикалық ахуалын нақтылайды
Арал теңізін экологиялық тұрғыдан сауықтырып, экономикасын дамыту жанданып келеді. Цифрландыру және ғарыштық технологияларды пайдалану Арал өңірінің экологиясы үшін аса маңызды екенін негізге алатын болсақ, бүгінде бұл бағыттағы жобалар біртіндеп нәтижесін бере бастады.