Әлем • 15 Сәуір, 2019
Брекситтің бітетін күні бар ма?
Британияның Еуроодақтан (ЕО) шығуы жөніндегі Брексит (Brexit) келісімін бекіту ісі тағы алты айға шегерілді. Нақтылай айтқанда, ЕО-ның 10 сәуірде өткен кезектен тыс саммитінде қатысушылар бұл елдің Одақтан шығуын 2019 жылдың 31 қазанына дейін шегеруге уағдаласты.
Әлем • 15 Сәуір, 2019
Ливия азамат соғысының алдында тұр
Африканың солтүстігіндегі жағдай тыныш емес. Ливияда кезекті қан-жоса қырғын басталып жатыр. Бір тарапта Триполидағы Ұлттық келісім үкіметі тұр. Оны БҰҰ, Батыс елдері мойындаған. Екінші жақта елдің шығысын басқарып отырған Парламент пен армия басшысы Халифа Хафтар. Жалпы 2011 жылы Ливияны 42 жыл басқарған Муаммар Каддафи режімі құлаған соң бұл елде толық тыныштық орнаған жоқ. Алайда, жаңа азамат соғысына не түрткі болды?
Қоғам • 15 Сәуір, 2019
Бейбіт атом – қазақ-өзбек қатынасының жаңа белесі болуы мүмкін
Ядролық энергетиканың бастапқы энергия алу көзі – уран отыны. Кеңес Одағы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан территориясында жүргізілген ауқымды барлау жұмыстары ірі уран қорларын анықтауға мүмкіндік берді. 1945 жылдан бастап осы күнге дейін жер шарында шамамен 2,8 млн тонна уран өндірілген болса, оның Канадаға 18%, Қазақстан мен Өзбекстанға 17% және АҚШ-қа 13% тиесілі, ал қалған бөлігі әлемнің басқа елдерінде өндірілген.
Қоғам • 15 Сәуір, 2019
Республикалық телеарналардың бірі таяуда ғана өз жаңалықтарында көрсеткендей, еліміздің оңтүстік өңірінде ұрылар бір күнде бір үйдің үш бірдей малын сойып, ішек-қарнын ауылдың төңірегіне лақтырыпты да, етті алып кете барыпты. Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқ екенін білгеннен кейін әбден басынғандары бірден байқалады. Бала-шағасына нәпақа қылып отырған малдарынан айырылып, отбасы қалды зар қағып. Құқық қорғау органдарына арызымызды айттық, бірақ одан үміт күтіп отырған жоқпыз, өйткені бұған дейін де мал ұрлағандар таптырмай кеткен, дейді ашынған ауыл тұрғындары. Ауылдықтардың негізінен малмен күн көріп отырғаны белгілі. Маңдай термен өсірген төрт түлігі қолды бола беретін болса олардың жағдайлары не болмақ?
Қоғам • 15 Сәуір, 2019
Ел руханияты еңсе тіктеген кезең
Тәуелсіздік туы зеңгір көгімізде желбірегелі бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұлттық рухымызды шыңдау арқылы елдіктің еңсесін тіктеу мақсатында түрлі салаларда көптеген ірі жобалар жүзеге асырылғаны белгілі. Солардың ішіндегі ең елеулісі әрі қоғамдық санаға соны серпіліс әкелген бірегей жобаның бірі – тура екі жыл бұрын «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала болды. Сақ дәуірінен бері сарқыла жаздаған салтымызды жаңғыртып, Ғұн заманынан бергі ғұрпымызды дәріптеуде ұлттық санамызға төңкеріс жасаған бұл мақала шын мәнінде ұлт руханиятының келешек даму бағдарын айқындап бергені анық.