Қоғам • 12 Сәуір, 2019
Мұрат Жұрынов: Әділетсіздіктің үлкені – әрбір маманға өзіне лайық қызметін бермеу
Кезінде КСРО Ғылым академиясының президенті, академик А.П.Александров: «Қазақстан ғылымы Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр» деп үлкен баға бергенін көпке дейін малданып келдік. Одан бері дүние түбегейлі өзгерді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында ғылымды тоқыратпауға талпындық. Осы жылдар бедерінде де оны дамытуға аз қаражат салынған жоқ. Ғылымды экономикамен, өндіріспен ұштастыруға ұмтылып бақтық. Ғылым күні қарсаңында Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат ЖҰРЫНОВПЕН әңгімелескен едік. Әлбетте, ғалымдардың тыныс-тіршілігі, кеше ғана ҰҒА құзырында болған 45 ғылыми-зерттеу институтының бүгінгі ахуалы, мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін ғылымның дипломатиялық рөлі сынды сауалдарды соңғы уақытта елімізде болып жатқан үлкен өзгерістер кейінгі сұхбатқа ысырды. Сондықтан да әңгіме ел шежіресінде орын алып жатқан тарихи оқиғалардан бастау алды.
Саясат • 12 Сәуір, 2019
Шавкат Мирзиёев: екі жарым жылдағы реформалар
Өзбекстандағы билік ауысу процесі тыныш әрі бейбіт өткенімен, жаңа басшының реформалары жылдам жүріп жатыр. Кей кездері президент Мирзиёев мақсатына жетуі үшін істі тізеге басып жіберген сәттер де кездесті. Алайда көрші елдегі оң өзгерістерді ешкім жоққа шығара алмайды. Сонымен Өзбекстан қазір қай бағытта кетіп барады?
Технология • 12 Сәуір, 2019
Бүгін – ғылым саласы қызметкерлері күні. Ғалымдарымыздың кәсіби мерекесі 2011 жылы Елбасы Жарлығымен бекітілген. Әдетте, кәсіби мерекелер қарсаңында сол саланың ұңғыл-шұңғылына үңіле қалатын әдетіміз болады.
Әлем • 11 Сәуір, 2019
Моңғол қызы түйемен әлемді шарлайды
Моңғол қызы әлемнің 12 елін түйемен аралап өтпекші. Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырдан сапарлап шыққан ол қоналқаға Алматыға келіп жетіп, түйелерін шөктіріп, тынығып жатыр.
Әлем • 11 Сәуір, 2019
Жерден Қара құрдымға дейін. Астрономиядағы ең танымал фотосуреттер
10 сәуірде еуропалық ғалымдар «Қара құрдымның» алғашқы суретін жариялады. Осыған орай, ғарыш саласындағы ең есте қаларлық фотосуреттерді оқырман назарына ұсынамыз.