Қазақстан • 11 Сәуір, 2019
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау мәселесі сөз болды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
«Спорт қоғамы жеңісті жолды жалғастырып келеді»
Қазақ спортының тарихынан сырт шертсек, әйгілі «Динамо» спорт қоғамын айналып өту мүмкін емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық жеңісті жолды жалғастырып келеді. Еліміздегі динамолық спортшылар Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында атой салып, алтыннан алқа тағып жүр. Спорт қоғамының қазіргі жай-күйі қандай? Біз осы сауал төңірегінде «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар ОМАРҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.
Спорт • 11 Сәуір, 2019
Кәсіпқой боксқа қазынадан неге қаржы бөлінеді?
Бұл күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі әлеуметтік желілерде Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпованың IBO және WBC Silver нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуден айырылуы және айтулы спортшыға мемлекеттік қазынадан қыруар қаражат бөлінгені жайындағы мәселе қызу талқыға түсуде.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Ерлігі ел есінде сақталған сарбаздар
1995 жылдың 7 сәуір күні Қарулы Күштеріміздің сарбаздары тәжік-ауған шекарасында қаруланған лаңкестермен шайқасып, ерліктің, қайсарлықтың үлгісін танытты. Тепсе темір үзетін жігіттеріміз шекараны қару-жарақ, есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топқа тосқауыл қойды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Жасыратыны жоқ, кейбір мамандар қазіргі жастардың бірқатары әскерге баруға немқұрайлы қарайтындығын айтады. Мұның себебін олар армия қатарына алынған 100 мың жастың әр оныншысы әскери қызметке жарамсыз болып келуімен түсіндіреді. Ал негізінде бұл, әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, әр үшінші шақырылушының армияға барғысы жоқтығынан туындап отыр екен. Оған себеп ретінде бірқатары армия кезеңі уақытын босқа алатындығын меңзеген көрінеді.