Президент • 15 Сәуір, 2019
Алғашқы мемлекеттік сапар Өзбекстаннан басталды
Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді.Мемлекет басшысын Ташкент әуежайында осы елдің Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Cыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация қарсы алды.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2019
Ел Президенті Маңғыстау жұртшылығымен кездесіп, елімізді дамыту жөніндегі ойларымен бөлісті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапарының соңында облыстың жұртшылық өкілдерімен кездесті. Басқосуға облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес секторлар мен бизнес қоғамдастығының, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зиялы қауым өкілдері және облыс жастары қатысты.
Руханият • 13 Сәуір, 2019
Камиль Муллашев: Сүйімбике азаттық ескерткішіне айналады
Камиль Муллашев – гиперреализм жанрын Кеңес Одағына әкелген алғашқылардың бірі. Муллашев шығармалары күрделі стилистика мен жасырын сюжетпен ғана емес, философиялық шындықпен айшықталады. Таңдаулы жұмыстарының кейбірі Третьяков галереясында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі сынды орталықтарда сақтаулы. Өнерсүйер қауымға декоративтік мәнері айрықша «Сүйімбике», «Ғабдолла Тоқай», «Бозоқ аруы» сынды айтулы туындыларды тарту еткен суретшінің астанадағы шеберханасына арнайы барған едік. Бұл жолы Сүйімбике ханшаның бір емес, бірнеше мүсін эскизін қатарластыра тізіп, қашап жатыр екен.
Руханият • 12 Сәуір, 2019
«Бұл өмірде бәріміз де көшпендіміз»
Жақында Өскемендегі Өнер музейінде аягөздік суретші Қалибек Айнажаровтың «Қыр баласының әсем әлемі» атты көрмесі ашылды. Бірнеше жылдан бері қоларбаға таңылса да, табиғи талантымен әлемнің үздік суретшілерін таңғалдырып жүрген қылқалам шебері көрмеге ағашқа бедерлеп ойып салынған 30-ға жуық туындысын әкеліпті. Біз осы отыздың ішіндегі көрмеге келуші жұртты ерекше әсерге бөлеген, ойландырған, толғандырған бір дүниеге аз-кем тоқталсақ дейміз.
Қоғам • 12 Сәуір, 2019
Қара құрдым шекарасының суреті түсірілді
Сәуір айының 10-ы күні әлем ғалымдары тарихта тұңғыш рет ғарыш кеңістігіндегі Қара құрдымдардың бірінің фотосын таныстырды. Дәлірек айтқанда, Қара құрдымның өзі емес, оның жиегінің фотосы. Өйткені Қара құрдымның өзін фотоға түсіру мүмкін емес.