Қоғам • 03 Сәуір, 2019
Қоғамға қызмет – ізгілік қасиет
Қазіргі қоғамда жастардың белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен ділінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің құлдырауы байқалуда. Рухани құндылықтардың орнына материалдық құндылықтар келіп, басымдық танытуда. Іс жүзінде осының барлығы жастардың маңызды азаматтық міндеттерді жауапкершіліксіз, немқұрайлы атқарып, әлеуметтік жетесіздік пен рухсыздыққа бой алдыруынан айқын аңғарылады. Жастар арасында сан алуан діни көзқарастардың белең алуы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстың өсуі, маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық, өзіне қол жұмсау, жас отбасыларының ажырасуы жағдайларының көбеюі өзекті мәселе болып тұр.
Қ.Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.
Әлем • 01 Сәуір, 2019
Көршілес елдерде тұрақтылық болғаны маңызды
Биылғы 28 наурызда Бішкекте мемлекеттік сапармен болған Ресей президенті В.Путин Қырғыз Республикасының басшысы С.Жээнбековпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында келіссөздер жүргізді. Екіжақты және аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара тығыз байланыста келе жатқан қос мемлекет бұл шараға барынша маңыз берді.
Әлем • 01 Сәуір, 2019
АҚШ президенті Дональд Трамп наурыздың соңында Таяу Шығыстағы Голан жоталарын Израильге қарасты территория деп ресми түрде мойындады. Жалпы, о баста бұл жер Сирияның құрамындағы жоталар еді. Алайда 1967 жылғы 6 күндік соғыстан соң Израиль Голан мекенін Сириядан тартып алды. Алайда Израильдің бұл қадамын өзінен басқа ешбір мемлекет мойындаған жоқ.
Спорт • 01 Сәуір, 2019
«Тоғызқұмалақ – өмірімнің бір бөлшегі»
Ұлттық спорт ойыны түрлерінің бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілер оның төрт мың жылдық тарихы бар, өте пайдалы зияткерлік ойын дейді.