Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы активтердің көлемі шамамен 66,2 млрд долларды құрады. Оның 58,8 млрд доллары – валюталық портфель, 7,4 млрд доллары – теңгедегі активтер. ...
Бүгінде елордада 481 мың жас өмір сүреді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға артқан. Оның үстіне қаладағы 16 жоғары оқу орнында 95 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Осы санаттағы азаматтардың дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар, жобалар мен бағдарламалар олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік белсенділігіне және кәсіби өсуіне серпін беріп келеді. ...
Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкілдері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жылда бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім саласына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды. ...
7-10 тамыз күндері Финляндия астанасы Хельсинкиде «World Dog Show-2025» бүкіләлемдік иттер көрмесі өтеді. Мұнда тұңғыш рет FCI аясында алдын ала мойындалған тұқым ретінде қазақ тазысы ресми түрде таныстырылады. Тазы тұқымының пайда болуы мен таралу тарихы, ерекшеліктері, артықшылықтары, бағым-күтімі жан-жақты баяндалады. Көрме төрінде ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қазақ тазысына» арналған стенд, көрнекіліктер қойылады. Тақырыпқа қатысты ақпараттық буклеттер, кәдесыйлар қонақтарға таратылады. Басты мақсат – тұқымның халықаралық мәртебесін нығайту, «Kazakh Tazy» брендін кеңінен насихаттау. Тазы – халқымыздың бірегей қазынасы, дала азаматының сенімді серігі, жүйріктігімен, ақылдығымен, сабырлылығымен ерекшеленетін асыл тұқымды ит. Желмен жарысқан жүйрік, шапшаң қозғалып, аңды алыстан көріп, ізіне түсіп ұстайтын ілкімді жаратылыс. Түлкі, қоян, қарақұйрық секілді аңдарды ұстауға пайдаланылады. Адамға тез бағынады, талап пен сенімнің арасын жақсы ажыратады. Халқымыз асылдығын айрықша бағалап, «жеті қазынаның бірі» деп атаған. Батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда тазы бейнесі сомдалған. Бүгінде тазы саны күрт азайған. Сондықтан оны асылдандыру, қорғау, көбейту мәселесі күн тәртібіне шықты. 2023 жылы қазақы тазы мен төбет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енді. Соның негізінде арнайы көрмелер мен байқаулар жиі өткізіліп, қоғам назарын аударды. Тазының еліміздегі және жаһандағы тағдыры, танымалдығы бәрімізге байланысты. Ең бастысы, мемлекеттік көзқарас айқын. ...
Шетпеліктердің ауыл маңындағы карьерлерге қатысты жанайқайы біраз жылдан бері тынған емес. Бұл туралы 2020 жылы 24 қыркүйекте «Еgemen Qazaqstan» газетінде «Шетпеліктер неге шырылдап жүр?» деген мақала жариялаған едік. Одан бері де бақандай бес жыл өтті – Шетпеде қанша карьер қанша рет шаңнан дауыл тұрғызып, тұрғындар қанша рет дабыл қақты екен? ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен І халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану мәселесін аймақтың негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті. ...



Сарапшылар