Сарапшылар
IPO қор нарығының қолдаушысы ма?
2022–2023 жылдары «ҚазМұнайГаз» бен «Air Astana», оған дейін KEGOC, «ҚазТрансОйл» және басқа да компаниялардың IPO-сы (бастапқы жария ұсыныс) өтті. Бұл IPO-лар нарықты кеңейтіп қана қоймай, мыңдаған азаматтың инвестиция әліппесін меңгеруіне мүмкіндік берді. Реттеушілер де қолдау көрсетіп, ережелерді жеңілдетті, листинг талаптарын жұмсартты. Корпоративтік басқару халықаралық стандарттарға жақындай түсті. Мемлекет халықтың акцияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұзақмерзімді инвесторларға салықтық жеңілдіктер ұсынып, зейнетақы қорының жеке компаниялар акциясына қаржы салуына рұқсат берді.
09 Сәуір, 2025
Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар мен бастамаларды ұсынып отыр. Әрине, салада тәуекелдер мен түйткілдер жоқ емес. Дегенмен жақсы мүмкіндік те бар. Осы ретте оқырман мен кәсіпкерлер назарына қазіргі уақыттағы қолжетімді бастамаларды айта кеткен жөн.
14 Наурыз, 2025
Қаржы нарығында инвестиция жасаудың ең алғашқы әрі маңызды қадамы – дұрыс брокер таңдау. Брокердің сенімділігі, комиссиялық алымдары, сауда платформасының ыңғайлылығы мен реттеу стандарттары инвестицияңыздың табыстылығына тікелей әсер етеді. Жеке инвесторлар негізі тек комиссия деңгейіне ғана назар аударуы мүмкін, алайда брокер таңдау кезінде ескерілетін басқа да маңызды факторлар бар.
13 Наурыз, 2025
Әлем мұнай бағасына тәуелді...
Бюджетіміздің басым үлесін мұнайдан түскен табыс құрайтындықтан, нарықтағы ахуалға әркез назар аударып отырамыз. АҚШ-та Дональд Трамптың билікке келуі нарықты аздап алаңдатты. Себебі Құрама штаттар басшысы мұнайдың әлемдік бағасын төмендетемін деп мәлімдеді. Ол алғашқы президенттік кезеңінде де бағаны түсіргісі келді. Бірақ баға түсе қойған жоқ. АҚШ – әлемдегі ең көп мұнай шығаратын ел. Өндірген мұнайының 70 пайызы – тақтатас мұнайы. Оның өзіндік құны – барреліне 60 доллар шамасында. Егер баға құлдырап жатса, бірінші соққыны басқа емес, АҚШ өндірушілері алады. Сонымен бірге жұмысшылары қысқара бастайды. Демек таяқтың екі ұшы да өзіне тиеді деген сөз.
05 Наурыз, 2025
Ең бастысы – кәдуілгі жұмыспен салыстырғанда бизнесте бәрі де басқаша екенін түсіну. Жалдамалы жұмыста тұрақты жалақы алсаңыз, бизнестегі табысыңыз күш-жігеріңіз бен шешімдеріңізге тікелей байланысты. Сіз «Клиент неліктен сізді таңдауы керек?» деген сұраққа нақты жауап табуыңыз қажет. Бұл – сіздің бірегей саудадағы ұсынысыңыз. Бизнес ашып қана қоймай, айрықша қажетті дүниені ұсына алу керек.
25 Ақпан, 2025
Банк секторындағы бағдар өзгере ме?
Қазір Салық кодексі қызу талқыланып жатыр. Меніңше, салық жүктемесін көбейтіп қана қоймай, қосымша кіріс те іздеу керек. Бұл ретте ерекше табысқа ие болып келе жатқан банк секторын айтуға болады. Ұлттық банк дерегінше, былтыр банк секторы 3 трлн теңге табыс тапқан. Оның 451 млрд теңгесі корпоративті табыс салығы (КТС) ретінде төленген. Соның өзінде артылған 2,55 трлн теңге – кейінгі 15 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
06 Ақпан, 2025
Жаңа жыл ЕО-ның РФ банк саласына санкция енгізуімен басталды. G7 елдері Будапешт меморандумын жүзеге асыру мақсатында РФ-ға қарсы санкция салынатынын хабарлады. Осыған байланысты санкцияны айналып өту үшін көрші елдерде ашылған компаниялары да қарауылға ілінетіні айтылып жүр. 2024 жылы 20 желтоқсанда АҚШ-тың санкция жариялауы Ресей валютасын құнсыздандырды. Оның салдары біздің теңгеге де тигені жұртқа аян.
25 Қаңтар, 2025
Үкімет салық базасын кеңейтпестен, онсыз да төлеп отырғандарға жүктемені көбейту арқылы салық түсімін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл – сәтсіз тәсіл. 2021 жылы дивидендке 10% жеке табыс салығын енгізген кезде қызық жағдай болды: ел тарихында тұңғыш рет салық түсімі (2023 жылы) бір жыл бұрынғыдан аз болып қалды. Неліктен? Өйткені бизнестің нақты мүмкіндігін есепке алмай енгізілген жоғары мөлшерлемелі салық кәсіпкерлерді «көлеңкеге» кетуге мәжбүр етті.
24 Қаңтар, 2025
Иә, мен де алғаш рет қор нарығына аяқ басқанымда қорықтым. Ақшамды жоғалтып аламын деген үрей болды. Оның үстіне инвестиция тек ерлердің ісі, бай-қуатты адамдардың жұмысы деп ойлап алғаным тағы бар. Бірақ бұл миф екен! Бір жылдан артық тәжірибе жинақтағаннан кейін айтарым – әйел адамдар мықты инвестор бола алады, өйткені олар әр ұсақ-түйекке мән беріп, жан-жақты әрі озық ойлайды. Екінші миф те жойылды – қор нарығына кіру үшін сізге ақша толы шамаданның қажеті шамалы, бар болғаны екі шыныаяқ кофеге жұмсайтын тиын-тебен жетіп жатыр.
23 Қаңтар, 2025
Тимур БЕКТҰР, ІТ-сарапшы: Цифрлы технология бәсекеге қабілетті арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді цифрландыруға, жасанды интеллектіні дамытуға, жалпы алғанда, технологиялық серпіліске жетелеуге деген ұмтылысын ерекше атап өткен жөн. Ол бұл туралы «Ana tili» газетіне берген жаңажылдық сұхбатында да тілге тиек етті.
09 Қаңтар, 2025
Құнсыздану һәм құрылымдық реформа
Инфляциясы жоғары, еңбек өнімділігінің өсімі төмен дамушы елдерде валютаның құнсыздануы ұдайы болады. Сол себепті, қазіргі экономикада 500 және 600, тіпті 700 деген бағамды көріп отыра беруіміз мүмкін. Бұл – уақыттың еншісіндегі шаруа.
24 Желтоқсан, 2024
Тұрғын үй кодексі – бірегей мүмкіндік
2020 жылдан бастап елімізде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Бұл заң бойынша тұрғын үй кооперативтері (ТҮК) орнына мүлік иелері бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестіктер құрыла бастады. МИБ тек бір үйді басқарса, ТҮК бірнеше үйдің қаражатын ортақ есепшотта жинақтайды. МИБ арқылы тұрғындар өз үйлерінің қаражатын бақылап, жөндеу жұмыстарына қаржы жинауға мүмкіндік алды. Бірақ көпқабатты тұрғын үйлердегі заңдық мәселелер әлі бір ізге түскен жоқ. Бұған елімізде әлі күнге тұрғын үй кодексінің қабылданбауы да себеп болып отыр.
11 Желтоқсан, 2024
Трамп таяу арада Ресейге баруы мүмкін - сарапшы
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп жақын арада Ресей мен Украинаға барып, арадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келуді талқылауы мүмкін. Бұл туралы Түркия елінің саясаттанушысы Энгин Өзер айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қараша, 2024
ІЖӨ: іркіліс пен миллиардтық меже
Ел экономикасының алдында ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) екі еселеу – 220 млрд доллардан (2022 жылғы ІЖӨ) 450 млрд долларға дейін көбейту міндеті тұр. Макроэкономикалық заңдылықтардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз, ендеше бірнеше қызықты есептеу жасап көруге болады. 2023 жылы теңге бағамы 456 болып тұрған кезде ІЖӨ 263 млрд доллар болды. 2029 жылдың соңына дейін 6 жыл бар және АҚШ-та инфляция орташа 2% болып тұрғанда ІЖӨ инфляция есебінен 12,6%-ға дейін немесе шамамен 33 млрд долларға дейін көбейеді (яғни 296 млрд долларға дейін). Әрі қарай нақты өсім ықпалы болуға тиіс.
12 Қараша, 2024
Мұнай өндірісін болжау биыл да өз-өзін ақтамады. Энергетика министрі «Көлем 88 млн тоннадан көп, бірақ біз жоспарлаған 90,5 млн тоннадан кем» деді. Министрліктің жыл басында өндіру көлемін асыра айтып, жыл соңына таман сол межеге жете алмай, түсіруге мәжбүр болып отырғаны бір бұл емес. Сондықтан ведомство мұнай өндірісін болжау тәсілін өзгертуге тиіс деп санаймын.
06 Қараша, 2024
Үлкен қалаларда, әсіресе мегаполистерде жаңа тұрғын үй саны көбейіп келе жатыр. Сәулеті мен сәні асқан баспана ғимараттары алыстан көз арбайды. Заманға сай тұрмыстық қажеттіліктерді ескеру де жүйелене түскен.
13 Қыркүйек, 2024
Қағаздағы жобаға қашанғы телміреміз?
Президент Жолдауда мұнай және газ саласындағы бірқатар түйткілді мәселені көтерді. «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды деп мәлімдеді. Жобаның жедел бітуінің себебі – Өзбекстанның газға деген мұқтаждығы. 2022 жылға дейін газды экспорттап келген ел 2022 жылдан бастап Ресейден импорттай бастады. Сол үшін Өзбекстаннан Ресейге газ жөнелтетін құбырға реверс жасап, газ Ресейден Өзбекстанға келетіндей етіп істелді.
07 Қыркүйек, 2024
Күз – өзгерістер маусымы. Тамыз біте салысымен экономикамызда да тың бастамалар пайда болады деп үміттенетініміз белгілі. Өйткені шешімін күтіп тұрған түйткілдер баршылық. Соның алғашқысы әрі маңыздысы – мемлекеттік бюджеттің жайы.
29 Тамыз, 2024
Қарыз ауыртпалығын қайтіп жоямыз?
Халықтың қарыз ауыртпалығы туралы әртүрлі пікір естіп жүрміз. Қаржы институттары «бізде қарыз проблемасы жоқ» дейді. Олар бұл пікірді ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) несие қарызы үлесімен дәйектегісі келеді. Шын мәнінде бізде қарыз мәселесі бар. Бар болғанда қандай, кейбір сегментте ол шектен шығып кетті.
23 Тамыз, 2024
Таяуда мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Бұл алғаш рет қабылданып отырған жоспар емес. Осыған дейін бірнеше рет мұнай-газ саласын дамытуға қатысты тұжырымдама жарияланды. Соңғы ұсынылған концепцияның негізгі мақсаты – 2014-2017 жылдар аралығында үш мұнай өңдеу зауытын да модернизациялауға бағытталған еді.
21 Тамыз, 2024