• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2016

Заңнан аттағандар жазаланбай қалмайды

291 рет
көрсетілді

Егер прокуратура органдары міндетіне сай қызмет атқармаса не болар еді деген ой келеді. Өйткені, елімізде қазіргі күні сыбайлас жемқорлық, адам өлтіру, зорлық-зомбылық, алаяқтық өршіп тұр ғой. «Сақтансаң – сақтайды» деген­дей, бұл орайда, адамға төн­ген бар­лық келеңсіздіктен заң­ның сақталуын қадағалау арқы­лы прокура­тура органдары ғана қара­пайым халық­қа қорған болып тұрған секілді. Себебі, Конс­ти­туциямыз бойынша, алдымен адамның құқы жете қор­ғалуы керек. Осы орайда, жасы­ратын несі бар, прокурорлар ең­бегін ашық айтқан жөн. Оған мына төмендегі сандар нақты дәлел. Мәселен, әлеуметтік-эко­ном­ика­­л­ық салада прокурор­лар биылғы жартыжылдық­та ғана 360 мың адамның құқықтарын қорғаған, олардың жартысы – балалар. Қадағалау органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы мер­зімі өтіп кеткен 4 млрд. теңге жалақы­ларын алған. 2,5 мың мүге­дек жұмысқа орналас­тырылып, 154 мүгедек мемлекеттік баспана алған. Бұған қоса, Ұлттық қорға 12 млрд. теңге қайтарылып, рес­пуб­ликалық бюджет 45 млрд. теңгеге толық­тырылған. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері мем­лекетке қай­тарыл­ған. Мұның бәрі кеше Бас прокурор Жақып Асановтың төр­ағалығымен өт­кен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Жалпы, прокуратура орган­дары азаматтардың, халықтың әлеу­­мет­тік әлсіз топтарының және кәсіп­керлердің бұзылған құқық­тарын қалпына келтіруде, еліміз­дегі заңдылық пен құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз етуде және әлеуметтік-эконо­микалық тұрақ­тылықты қол­дауға бағытталған Мемлекет бас­­шысының тапсыр­маларын орындауда айтарлықтай қызмет етіп келе жатқаны анық. Мұның растығын айқын аңғарып отыр­мыз. Мәселен, про­курорлар ар­а­лас­қаннан кейін ғана ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен және уақытша ұстау абақтыларынан 205 заң­сыз ұсталған азамат бос­тан­­дық­қа шығарылды. Тергеу­ші­лер қамауға алғылары келген 2 мың күдікті дер уақытында боса­тылып үлгерілді. Прокурорлардың на­ра­зы­­­лық­тары бойынша 182 сот­­та­л­­ған жеңіл жаза алды. Тұтас­тай алған­да прокурорлардың баста­ма­л­ары бойынша 698 сот актілері түзе­тіл­ген. Азаматтардың пайда­сына 1 млрд. 700 млн. теңгені құрай­­тын сот шешімдерінің орын­далуы­на қол жеткізілген. Бұған қоса, 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, осы заң бұзу­шылықтар бойынша бірнеше лауазым­ды шенеунік жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық жауап­­кершілікке тартылды. Осылайша, алқада жер қаты­нас­тарын реттеу, еңбек дау­­ларын ескерту, үлескерлер құқық­тарын қорғау, теріс пиғылды құры­лыс­шылардың қызметіне бақы­лау­ды күшейту мәселелері про­курор­лардың ерекше назарын талап ететін неғұрлым өзекті про­б­лемалар ретінде белгіленді. Сон­дай-ақ, экстремистік көрініс­тердің алдын алуға, терроризм қаупін, олардың қоғам мен мем­лекетке тигізетін теріс әсер­­лерін азайтуға бағытталған жүйе­лі жұ­мысты қамтамасыз ету жүк­­телді. Сөйтіп, прокурорлар одан әрі де адам құқын қорғауда жай­лаған заң­сыздықтарды жою үшін адал қызмет етуге белді бекем бай­ла­ған­дарын білдірді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»