• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Қолдаудың қауқары қандай?

393 рет
көрсетілді

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының аралық нәтижелері 1. Өңірлік үйлестіру кеңес­­тері (ӨҮК) мен жұмыс тобы мақұлдаған өтініштердің өңір­лер бойынша саны. ӨҮК пен Экономиканы жаң­ғырту мәселелері жөніндегі мем­­ле­кеттік комиссия жанын­дағы жұмыс тобы мақұлдаған жобалар туралы өңірлер бойынша ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысы, Алматы қаласы мен Ақтөбе облыстары бағдарла­ма­ны жүзеге асыру ісінде көшбас­шылар қатарында тұр. Бағдарламаның барлық ба­ғыт­тары бойынша, барлығы 89 млрд. теңгеге бағаланатын 250 жоба мақұлданған, оның ішінде бірінші бағыт шеңберінде – 157, екінші бағыт шеңберінде – 65 және үшінші бағыт шеңберінде 28 жоба. 2. Өңірлік үйлестіру кеңестері мен жұмыс тобы мақұлдаған өтініштердің екінші деңгейлі банктер бойынша саны. Екінші деңгейлі банктер тұр­ғысынан алғанда, бағдарламаны жүзеге асыруға БТА банк, Қа­зақ­станның Халық банкі, Банк ЦентрКредит белсенді атса­лысуда. Атап өтер жәйт, Заман Банк, Альфа Банк, Эксимбанк Қазақ­стан және Казинвестбанк бұл бағдарламаға мүлде қатыспай отыр. 3. Өңірлік үйлестіру кеңес­тері мен жұмыс тобы мақұл­даған өтініштердің салалар бойынша саны. Салалар бойынша бағдарла­маның барлық бағыттары бойын­ша мақұлданған жобалардың ең көп саны өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қойма, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі. Бағдарламаның барлық ба­ғыт­тары шеңберіндегі өңдеуші өнеркәсіп саласының жалпы үлес салмағы 54%-ды құрайды. 4. Субсидиялау: қарасты­ры­лу кезеңіне қарай өтініш­тер­­дің саны туралы мә­ліметтер. Өтініштерді қарастыру үде­рісі бірнеше сатыдан тұрады. Қазіргі сәтте 1-бағыт шең­берінде 94 өтініш мақұлдаудың барлық сатысынан өтіп, олар бойынша келісім-шарттар жаса­лынды. 2-ші бағыт шеңберінде 31 келісім-шарт жасалынды. 3-ші бағыт шеңберінде 16 өтініш ма­құл­даудың барлық сатыларынан өтіп, олар бойынша келісім-шарттар жасалынды. «Даму» қоры құжаттарын алған 150 жобаның 141-і бойынша субсидиялау туралы келісім-шарттар жасасқанын атап өткен жөн. Бірнеше сатыдан өткізу ар­қылы бюджет қаражатының мақ­сатты жұмсалуы қамтамасыз еті­ліп отыр. Дегенмен, белгілі бір сатыға келген кезде өтінімдерді қарастыру созылыңқырап кетеді. Әдетте, бұл жәйт екінші деңгейлі банктер тарапынан жобалар бойынша құжаттарды беру/ұсыну кезеңінде орын алуда. 5. Кепілдендіру. Өңірлік үйлестіру кеңестері кепілдендендіру бойынша бар­лығы 40 жобаны мақұлдады, оның ішінде 29 жоба қорға келіп түсті. 9 жоба бойынша кепілдік беру туралы оң шешім шығарылса, 6 жоба қордың қа­рауында жатыр. 14 жоба бойынша кепілдік бермеу жөнінде шешім қа­былданды. Бас тарту себебі екеу ғана: өтініш берушіге кредит беріліп қойылған, ал кепілдік тек жаңадан берілетін кредиттерге ғана қарастырылған немесе өті­ніш берушінің жобасы бағдар­ламада бекітілген экономиканың басым секторларына жатпайтын болып шыққан. 6. 2010 жылы жобаларды ма­құлдау және субсидиялау ту­ралы келісім-шарттар жасасу. Бағдарламаның барлық бағыт­тары бойынша бекітілген және субсидияланған мәмілелер ара­сын­дағы айырмашылық бірте-бірте қысқарып келеді. Оған қоса, Үкіметтің 2010 жыл­ғы 31 желтоқсандағы № 1520-шы қаулысына сәйкес, өтініштерді қарау мерзімін реттеу арқылы ма­құлданған жобалар саны мен субсидиялау туралы жасалынған келісім-шарттар арасындағы айыр­ма­шылықты одан әрі қысқарту қарастырылған. 7. «Бизнестің жол карта­сы-2020» бағдарламасына енгізілген өзгертулер. Өзгертулер, ең алдымен, сый­ақы ставкалары өзгермелі кредиттерді субсидиялауға рұқсат беруге қатысты, бұл өз кезегінде банктер алдында осындай міндеттемелері бар кәсіпорын­дар­дың бағдарламаға қатысуларына мүмкіндік береді. Келесі өзгерту, жоғарыда атап өтілгендей, жобаларды қараудың барлық сатыларында өтініштерді қарау мерзімі регламентпен бекітілді. Сонымен қатар, субсидиялау мерзімі қаржы агентімен субсидиялау туралы келісім-шартқа қол қойылуын күтпестен-ақ, банк пен кәсіпкер субсидиялау туралы келісім-шарт жасасқан сәттен басталады. Бағдарламаның экономи­ка­ның басым секторлары тізіміне сауда желілері де енгізілді. Бұл шара, ең алдымен, сауда желілеріне тауар жеткізуші – қазақстандық өнім өндірушілерді қолдауға ба­ғытталған. Мұндай кәсіпорындарға қа­зақстандық қамту ғана емес, қа­зақстандық өнім өндірушілермен әріптестік орнату бойынша да жо­ғары талаптар қойылатын бо­ла­ды. Мысалы, Қазақстанда өн­дірілген тауарлардың болуы және қазақстандық өнім өндіруші­лердің жеткізген тауарлары үшін төлем жасау мерзіміне шектеу қойылып отыр. Қазақстанның Кеден одағына мүше болуына байланысты кейбір мәселелерге сәйкес, бағдар­ла­маның «Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау» атты үшінші бағыты қайта қаралып «Кәсіп­керлердің валюталық тәуекел­дерін төмендету» деген бағытқа алмастырылды, сәйкесінше бұл бағыттың іске асырылу талап­тары да өзгертілді. Сонымен қатар, соңғы ең маңызды өзгеріс – бағдарламаға «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты 4-ші бағыт енгізілді. 4-ші бағытқа: • Істі жаңадан бастаған кә­сіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар) • Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, • «Іскерлік байланыстар» жобасы, • Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту, • Кадрларды дайындау және қайта дайындау деген компоненттер кіреді. 8. 4-ші бағыт: кәсіпкерлік әлеуетті арттыру. Кәсіпкерліктің білім деңгейін арттыру және бизнесті жүргізудің заманауи модельдерін енгізу қа­жеттілігін ескере отырып, 2010 жылғы 31 желтоқсанда №1520-шы Үкімет қаулысымен «Бизнес­тің жол картасы -2020» бағдар­ламасына «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты 4-ші бағыт енгізілді. 4-ші бағыттың мақсаты – кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы Қазақстанның бә­секелестігін арттыруға ықпал ету. 4-ші бағыттың шеңберінде: • Жаңадан іс бастаған кәсіп­керлерді қолдау (старт-ап жобалар); •  Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету. «Іскерлік байланыс­тар» жо­басын жүзеге асыруда «Даму» қоры оператор ретінде белгіленіп отыр. Сонымен қатар, «Назарбаев Университеті» АҚ арқылы ша­ғын және орта бизнестің топ-менедж­ментін оқыту жүзе­ге асырылады. Жергілікті атқа­рушы органдары­мен еңбек рыно­гына қажет ма­мандықтар бойын­ша кадрлар дайындау және қайта дайындау іске асырылады. 9.         Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар). Жаңадан іс бастаған кәсіп­кер­лерді қолдау бизнесті жүргізуге байланысты қысқа мерзімді ақы­сыз курстарды өткізу, тиісті оқу құралдарын, ақпараттарды тегін тарату арқылы жүзеге асырыла­тын болады. Мұндай курстар жергілікті атқарушы органдар­дың қолдауымен Қазақстанның барлық 209 ауданында өткізіледі. 2011 жылы осындай курстар­ды өткізуге республикалық бюд­жеттен 208 млн. теңге бөлу көз­делген. Осы қаражаттар есебінен курстардың екі сессиясын – көктемде және жазда өткізу, сөйтіп 15 000-нан астам тыңдау­шыларды тарту жоспарланып отыр. Осы курстардың нәтижелі­лігін бағалау кейіннен 1000-нан астам тыңдаушыны қамтитын маркетингтік зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 10.       Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету. Сервистік қолдау көрсету шең­­берінде кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға ар­нал­ған, бухгалтерлік және салық­тық есеп жүргізу, заң кеңесін беру сияқты қызмет түрлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнда конкурстық негізде таңдалып алынатын тәуелсіз сервистік компаниялар тікелей қыз­мет көрсетушілер болып табы­лады. 2011 жылы ақысыз сервистік қолдау көрсетуге республикалық бюджеттен 723 млн. теңге бөлу көзделініп отыр. «Даму» қоры осы тәуелсіз компаниялардың берген қызмет­те­рінің сапасын кәсіпкерлермен телефондық сауалнама, анкеталау және тереңдетілген сұхбат жүр­гізу арқылы тұрақты негізде мониторинг жасап бақылап отыра­ды. Сонымен қатар, «Даму» қоры осы көрсетілген қызметтердің нәтижелілігіне салыстырмалы тал­­дау жасап, олардың экономи­калық тиімділікті арттыруға қан­шалықты үлес қосқанын, нақты болған өзгерістерді анықтап оты­рады. 11.       «Іскерлік байла­ныс­тар» жобасы. «Іскерлік байланыстар» жоба­сы шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауды қол­дауға бағытталған. Кәсіпкерлердің «Іскерлік бай­ланыстар» жобасына қатысуы екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде кәсіпкерлер бизнесті жүргізу және кәсіпорынды дамытуға арналған жобалар дайын­дау бойынша қысқа мерзімді бизнес-тренинг Қазақ­стан­да өтетін болады. Жоба­лар­ды әзірлеу шетелдік сарапшылар­дың қатысуымен жүзеге асы­рылады. Екінші кезеңде кәсіпкерлер үшін шет елдерде олардың кәсіп­терінің түрлеріне ұқсас, алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда тақы­рыптық бизнес-тәжірибе алмасулар ұйымдастырылатын болады. Бұл кәсіпкерлерге шетелдік әріп­тестермен іскерлік байланыстар орнатуға, озық технологияларды игеруге және болашақта бірлесіп кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Іскерлік бай­ланыстар» жобасы шеңберінде «Жергілікті жабдықтаушылар» жиын­тығы қарастырылған. Оған сай: 1.         Кәсіпкерлерге тиісті ай­мақтағы әлеуетті тапсырыс берушілер, оларға қажет тауар, қызмет, жұмыс көлемдері мен номенклатуралар туралы және сол аймақта қызмет атқарып жатқан ірі шетелдік инвесторлар, жаб­дықтаушылар туралы ақпарат беру. 2.         Жобаға қатысушылар мен әлеуетті тапсырыс берушілер ара­сында іскерлік байланыстар орнатуға қолғабыс жасалады. Жалпы, 2011 жылы осы жо­баға 1000-нан астам кәсіп­кер­лерді тарту жобаланып отыр.