• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2011

Жедел жаңғыру жолымен

505 рет
көрсетілді

«Қаңтар-ақпан айларында барлық деңгейдегі әкімдер жұртшылық алдында 919 рет есеп берді. Басқосуларға 125 мыңнан астам адам қатысып, үлкен белсенділік ахуалында өтті.  Кездесулер барысында  2500-ге жуық ұсыныс-пікірлер айтылды. Олардың 99  пайызы әлеуметтік сипатқа ие». Тұрғындар алдындағы есебін осындай деректермен бастаған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов әр ойын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттермен сабақтастырып отырды. Өткен жыл солтүстікқазақ­стан­дық­тар үшін табысты болды. Барлық салалар бойынша міндетті тапсыр­ма­лар орындалып, жалпы өңірлік өнім өндіру 406,5 миллиард теңгені құра­ды. Жан басына шаққанда 689,5 мың теңгенің тауарлары өндірілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыс­тырғанда 10,2 пайызға артық. Әлеу­мет­тік индика­тор­лардың да айтар­лықтай жақсарғаны байқалады. Олыс бойынша  орташа айлық жал­ақы 12,9 пайызға өскен. Жұмыс­сыз­дардың саны  қысқарып, 15,8 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Серік Сұлтанғазыұлы өз баянда­ма­­­сында агроөнеркәсіп кешенін да­мыту экономиканы орнықты дамыту­дың негізгі бағыттары болып табы­ла­­ты­нын, елдің азық-түлік қауіпсіз­дігін қамта­ма­сыз ету, экспорттық әлеуетті арт­тыру мәселелеріне үлкен маңыз берілгенін атап көрсетіп, бұл салада ат­қарылған істерді саралап берді. Ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дерін өндіру 158 миллиард теңгеге жеткен. Саланы интенсивті да­мыту мақсатымен  техника­лық жағы­нан жарақтандыру жалғасын тауып келеді. Былтыр ауыл шаруашы­лығы құ­ры­­лым­дарына 8,5 миллиард теңгенің осы за­манғы 499 техника бірлігі сатып алын­ған. Оның ішінде  2,5 миллиард тең­­ге­нің техникаларын «Қаз­агро­қар­жы» АҚ  лизинг арқылы қам­тамасыз ет­­кен. Республика бойынша өндірілетін астық­тың 31 пайызына ие аймақ құр­ғақшы­лық жылдардың өзін­де дәнді да­қыл­дар­дың түсімін төмен­деткен емес. Өткен жылы астықтың жал­пы тү­сі­мі 4,1 миллион тонна бол­ды. Про­бле­малы мәсе­ле­­лердің бірі – астық қабыл­дау қой­маларының жетімсіздігі. Олар­дың жал­пы сыйымды­лы­ғы әрі кетсе 3 миллион тоннаға ғана же­теді. Осы кем­ші­лік­тің орнын тол­тыру үшін қуаты 60 мың тон­налық 4 астық сақтау кәсіп­орны пайда­лану­ға берілді. Айыр­тау жә­не Ғ.Мү­сірепов аудан­дарын­да құны 1 миллиард тең­геге тең жобалар жүзеге асырылды. Мал шаруашылығы да серпінді да­мып келеді. Индустриялық-инно­ва­­ция­­лық даму және ауыл шаруа­шы­лы­ғын одан әрі әртараптандыру шең­берін­де 4 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, 330 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Тайынша ау­данында жылына 9 мың тонна ет өң­дейтін комбинат пайда­лануға берілді. Облыс әкімі белгіленген міндеттемелерді орындауда пайдаланылмай жатқан ішкі мүмкіндіктер мен қол­дағы резервтер жеткілікті екенін еске салды. Олар: 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндіруді 235,6 миллиард тең­геге жеткізу немесе 12 пайызға көбей­ту;  жалпы ас­тық өндірісінде ылғал ре­сурс­тарын сақ­тайтын технологияның көле­мін 77 пайызға жеткізу; техни­ка­лық қай­та жарақтандыруды 10 пайызға арт­тыру; сүт және ет бағытындағы 26 жаңа ферма салу арқылы мал шаруа­шылығы өнімдерін 10 пайызға молайту; сүтті – 7, етті – 12, жұ­мыртқаны 48,5 пайызға  көбейту. Облыста индустрияландыру кар­та­сы аясында өнеркәсіп саласында 26,9 миллиард теңгенің 13 инвес­ти­циялық жо­басы игерілді.  Жұмыспен қамтыл­ған­дар саны – 2780 адам. Ауыр мәшине жасау кәсіпорындары 6 жобаны  іске қо­­сып, 584 жаңа жұ­мыс орны ашыл­ды. Кен-ме­тал­лургия өнеркәсібін игеру об­лыста түрен түсе қоймаған тың сала­лар­дың біріне саналады. Мәселен, Тайынша ауданында жылдық қуаты 8 мың тон­наға жетеғабыл титан-цирконий құ­мын өндіру және өңдеу ісі шетел рыногына жол ашты. Алғашқы өнім­дер Қытайға жөнелтіле бастады. Текше тас, кварц құмын өңдейтін өнді­ріс орын­дары жаңа технологиялармен жұмыс істеуге көшкен. Құрғақ көбік-бетон қос­па­ларын шығаратын зауыттың бірінші кезегі бой көтерді. Биыл 8,6 миллиард теңгенің бірнеше жобалары ин­дустрия­ландыру карта­сы­на енді. Олар­дың қа­та­рында «Сы­рымбет» кен байыту кешені, «Новоишимка» май өңдеу зауыты бар. Жолдауда әлеуметтік  жаңғырту мә­се­лелеріне ерекше мән берілгенін, бағ­дарламаның басты мақсаты  ха­лықтың әл-ауқатын нығайтуға бағыт­талғанын айта келіп, баяндамашы тұр­ғындарды әлеуметтік қорғау ша­ра­ларының одан әрі жалғасатынын жеткізді. 2008-2010 жылдарға арнал­ған жұмыспен қамту­дың өңірлік бағ­дарламасы бойынша 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. 15 810 жа­ңа жұмыс орындары құрыл­ды. 4708 жұмыссыз қоғамдық жұмыс­тар­ға тартылды. Кәсіптік білім алу үшін 1060 адамға жолдама берілді. Осы­­лай­ша жұмыссыздар деңгейін 6,1 пайыздан 5,7 пайызға азайту қамта­ма­сыз етілді.  Ал, «Жол картасы» бағ­дар­ламасы бойынша 5,4 миллиард теңге игеріліп, 8259 адам жұ­мысқа орналас­ты. Еңбекке қабілет­сіз жандар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек беру бағы­тында да жүйелі жұмыстар ат­қа­рылып келеді. 13,7 мың адамға 210 миллион теңгенің атаулы жәрдемі берілді. Зейнеткерлер мен мүгедектерге ар­налған 14 әлеу­мет­тік дүкен, 84 сауда нүктесі, 55 әлеу­меттік дәріхана жұмыс істейді. 4 мыңға жуық адам оңалту қар­жысына ден­сау­лығын тү­зе­ген, 465 мүгедекке жолдама берілген,  600 адам санаторий-курорттарда дем ал­ған.  «Әлеу­мет­тік так­си» 5 мың адамға қызмет көрсеткен. Басқа салаларда да жан жадыра­татын жақсы істер көп екені, таза ауыз су проблемасын шешуге қа­тыс­ты біраз жұмыс атқарылғаны жұрт­шылық  на­зарына ұсынылды. Бірақ аталған бағытта әлі көп шаруа тындыру керек. Сондықтан да болар, көптеген сауал ауыз су  мәселесіне бай­ла­нысты  қойылды. Т.Коротенко, Жамбыл ауданы Буденное ауылының тұрғыны:  Первомай ауылдық округіне  таза су қашан жеткізіледі? Жауап: Бұл мәселемен жақсы таныспын. Жергілікті жерасты су­лары ащы келгендіктен, тұщылан­дыр­май болмайды. Соған орай биыл ауданда бұрғылап алынатын жер асты суларын игеру мақсаты­мен  224 миллион теңге қарасты­ры­лып отыр. Округ осы бағдарламаға енгізілетін болады. А.Оспанов, М. Жұмабаев ауда­нынан: Булаево стансасы таза ауыз сумен жабдықтауды қажет етеді. Жауап: Үш жылдың ішінде бұл бағытта  көптеген жұмыстар атқа­рыл­­ды. Бағдарлама одан әрі жал­ға­сын табады. Биыл 232 миллион теңге бөлінді. Е.Шәріпова, Тимирязев ауда­ны­­нан: Орталық магистральды су құ­бырынан Жаркен ауылына су жеткізу жос­парланған ба? Жауап: Шынын айтсам, бұл – өте күрделі мәселелердің бірі. Бү­гін­де сметалық-жобалау құжаттары әзір тұрғанымен, қаржыландыруға облыс­тың  шамасы жетпейді. Сон­дықтан 9,5 шақырымға құбыр тарту үшін «То­был» әлеуметтік-өндірістік кор­по­ра­циясымен бірлесіп шешетін боламыз. Қ.Шөпенов, Ақжар ауданы «Жа­ңа­­ауыл» ЖШС директоры: Был­тыр Бостандық және Киев ауыл­дарына су құбырын тарту жұмыстары басталып еді. Биыл жалғаса ма? Жауап: Бұл мақсат үшін респуб­ли­калық бюджеттен 564 миллион теңге бөлініп отыр. Мамлют аудандық  емханасы­ның мейірбикесі Г.Әбілова туабітті жүрек ауруына ұшыраған балаларға ота жасау жайлы сұрақ қойды. Оған түмен­дік кардиохирург дәрігер­лер­мен бірлесе жұмыс жасаудың арқа­сында он жылдың ішінде 400 бала­ға ота жа­сал­­ғаны, облыстық  аурухана жаны­нан балалар кардио­хирургиялық бө­лімшесін ашу үшін 35 миллион теңге бөлінгені жеткізілді. Айыртау ауданының тұрғыны К. Бадымов Антоновка – Покровка ба­ғы­­тын­дағы жол жөндеуден өткі­зіл­се деген тілегіне былтыр 16 миллион  теңге жұм­салғаны, биыл Покровка-Кор­неев­ка-Горный бағытындағы жол­дар­­ды қал­пына келтіруге 145 миллион теңге қарастырылғаны айтылды. Аймақ басшысының есебі жақсы деген бағаға ие болды. Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есепті жиыны­на  Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев қатысты. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.