• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2016

Тәтті түбір туралы «толғау»

611 рет
көрсетілді

немесе қант неліктен қымбаттайды? Біздің нарықта жыл сайын қайталанатын дағды бар: қыстық азық қорын қамдайтын кезеңде қажетті тұтыну заттары қымбаттап шыға келеді. Мәселен, қолы епті қыз-келіншек тосап қайнатып үлгеруге асыққанда қант бағасы да қоса көтеріледі. Ұмытпасақ, өткен айда бір облыста бұған дейін 220 - 235 теңгеден сатылып келген қанттың әр килосы бір күнде 320 теңгеге көтеріле салды. Маусымдық нау­­қан­ның қызып бергендігіне бай­­­ланысты сұраныс артып, ай­мақ­­тағы ақ шекердің жетіс­пеу­шілігі байқалған. Ал, кез кел­ген заттың тапшылығы қым­бат­­шы­лыққа әкеледі. Жалпы, елі­­міздің барлық аймағында бай­қалатын қант тапшылығы мен бағаның өсуін мамандар бір­неше себеппен түсіндіреді екен. Өн­д­ірушімен ауыз жаласқан дел­далдардың пайдакүнемдігі мен сауда нүктелеріне жеткізуші алы­п­сатарлардың ашкөздігі елі­міздегі қант саудасындағы баға­ның құбылуына ықпал ететін бірінші фактор ретінде аталады. Рас, нарықтың басты ұстанымы – молырақ пайда көру. Тек, қарпып қалудың астарында халықты әбігерге салатын ниет жатпауы керек. Дәл осы жағдайда бағаны реттеуге атқарушы билік араласып, құнның көтерілуін қолдан жасап отырған делдалдарды тезге салуға тырысады. Қазіргі күні жекелеген аймақтардағы қант құнының қолжетімді бағада болуы осындай алдын алу шараларының нәтижесі деп ұққан жөн. Негізі, біз тосап науқанында тасып-төгіліп барып басылатын бұл мәселенің жайын тереңнен із­деуі­міз дұрыс сияқты. Яғни, сау­да нары­ғындағы сұранысты елі­міз­дегі құмшекер өндірісінің жұмы­сы­­мен салыстыруымыз керек. Де­мек, отандық қант өндірісінің ішкі нарықты толықтай қамтама­сыз етуге қауқарсыздығы мен сырт­­тан енетін тәтті өнімнің де қа­же­т­ті мөл­шерде еместігі анық сезіледі. Осы жерде отандық қант өн­дірісінің қауқары мен қарқыны жайлы сөз ету орынды. Әңгiменi сәл шегiнiстен бастайық. Кеңес Ода­ғының тұсында Қазақстан­да жер­гiлiктi шикiзаттан дайындалатын ауылшаруашылық өнiмi санау­лы ғана едi. Қазақ топырағында өнген қызылшадан қант шығару iсi соның бiрегейi болатын. Одақ күйрегеннен кейiнгi ауыр ке­зең­нен аман өткен отандық өндіріс түрлерiнiң арасынан да қант өндiрiсi алдымен аталады. Экономиканың бiрнеше саласына тiкелей әсерi бар өндiрiстiң дамуы тиiсiнше ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң және дайын тауар айналымының өзара байланысын қамтитын жеке кластерлiк жүйе ретiнде де маңызға ие. Айта кетейiк, әлемнiң дамы­ған елдерi қант өндiрiсiне iшкi ры­ноктың маңызды бөлшегi ретiнде қарап, стратегиялық сипат бередi. Өкiнiшке қарай, Қазақстанда бұл нарық тиiстi деңгейде қорғалмаған және оны жеке кәсiпкердiң биз­несi ретiнде бағалау көзқарасы қалыптасқан. Мысалға жүгiнейiк, бiзге iргелес Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi мен Жапония, арғы белдеуден Еуропа мен АҚШ мемлекеттерi қант рыногына үкiмет тарапынан мониторинг жүргiзiп отырған елдер санатында. Оларда қант өндiрушiлер үшiн ар­найы салықтық жеңiлдiктер мен ке­ден­дiк басымдықтар белгiленген. Бұл жерде тағы бiр жайттың астын сызып қарау керек. Атал­мыш елдердiң көпшілігінде өндiрi­летiн қант өнiмi негiзiнен қант құрағынан дайындалады. Ал, қант қызылшасы мен қант құрағынан өндiрiлген өнiмнiң сапалық құрамы мен азықтық құндылығының арасы жер мен көктей. Осы себептен Қазақстанда өндiрiлiп жатқан шекердiң әлемдiк сұранысқа ие болатын жөнi әбден бар. Бiрақ, елiмiздегi қант өндiрiсi сырт елдi былай қойғанда, отандық нарықты жергiлiктi өнiммен қамтамасыз етуге қауқарсыз болып отыр. Неге? Оның өзiмiзге белгiлi бiрнеше факторларына тоқталайық. Бiрiн­шiден, қант өндiрiсiнiң өнiмд­iлiгi жылдан-жылға азайып келедi. Салыстырмалы тұр­ғы­дан алайық, өткен ғасыр­дың сексенiншi жылдары Қазақ­станда 2 миллион тоннаға дейiн қант қызылшасы жиналса, тоқсаныншы жылдардың соңына қарай бұл көрсеткiш 100 мың тоннаға әупiрiммен жеткен. Дәл осы кезде қант зауыттарының басына қара бұлт үйiріле кеттi. Айталық, Кеңес өкiметi кезеңiнде елiмiзде сегiз қант зауыты жыл он екi ай бойына тоқтаусыз жұмыс жасап тұрған болса, 1997 жылы қант нарығына тек екi зауыт қана өнiм шығара алды. Әрине, iшкi өндiрiстегi өнiм­нiң азаюынан адамдар қант­ты аз жеуге дағдыланған жоқ. Керiсiнше, нарықты сырттан енген арзан тауарлар жаулап алды. Мәселен, қазірге дейін дүкен сөрелерiне ентелей енген ресейлiк, қытайлық, украиндық, әрісі бразилиялық қант қазақстандықтардың қалтасын қақшып жатыр. Қазақстандық қант бизнесi бәсекеге барынша қабiлеттiлiгiне қарамастан сыртқы нарыққа төтеп бере алмай отыр. Бұл жерде нарықтың аталған түрiн дамытуды мықтап қолға алған елдермен арадағы сауда-ынтымақтастық байланыстары­ның да әсерi аз болмай тұр. Яғни, Үкiмет сыртқы сауда саясатына қарасты ұстанымдарға барған кез­де отандық қант өндiрiсiнiң мүддесiн естен шығармауы керек сияқты. Бұл жерде бiз заңдық тұрғыны ғана меңзеп тұрған жоқ­пыз. Мәселен, қазақ­стандық қант көршiлес Ресей нарығына ене алмайды екен. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келiсiм болса да, ол ел қазақстандық тарап үшін қолайлы шартқа толық мойын­сұнбай отыр. Есесiне, Ресей қант өндiрiсiнде транзиттiк саясат ұстануынан танған емес. Оларда кедендiк алымдардың толлингтiк сызбанұсқасы жұмыс істейді. Яғни, кез келген шетелдiң қант өнiмi ресейлiк сертификатқа ие болғаннан кейiн екiншi елге, яғни бiзге нөлдiк салық ставкасымен жөнелтiледi. Мұнан кейiнгiсi парадокс, қазақстандық қант өндiрушiлер үшiн мұндай жеңiлдiктер жоққа тән. Керiсiнше, бiздiң қант зауыттарының өнiмi толық кедендiк тазалаудан өтедi. Әсiресе, теңiз айлағымен өнiм мен шикiзатты тасымалдауда отандық компаниялар ресейлiктерге қара­ған­да көп ақша төлейдi. Жоғарыда отандық қант өндiрiсi сыртты қойғанда iшкi нарықты толық қамтамасыз ете алмай отыр деп айттық. Өйткені, ел iшiндегi қант өндiрiсiне қажет­тi шикiзат көлемi анағұрлым азайып барады. Әріден айтсақ, өндiрiстi шикiзатпен қамтып келген iрi екi облыстың бiрi Жамбылда 1992-2001 жылдар аралығында қант қызылшасын өсiру мүлдем тоқтап қалған. Ал, тәттi түбiр танаптарының саны жағынан елiмiздегi бiрiншi орыннан көрiнетiн Алматы облысында қызылша егiстiгi соңғы екi жылда ғана қайта көбейе бастады. Қазіргі күні Жетісу жерінде қызылша танаптарының көлемін арттыру мен тәтті түбірді өңдейтін зауыт­тарды қайта жандандыру ісі стра­тегиялық сипат алған. Өңір бас­шысы Амандық Баталов қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін әрдайым айтып отырады. Осы тапсырма аясында қант қызылшасының көлемін арт­тыру жолға қойылды. Бұл орай­да мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасы­ның өнімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда. Аймақта 2014 жылы қант қызылшасы 1,2 мың га жерге себілсе, 2015 жылы оның егістік көлемі 4 020 га болған. Танаптардан 124,7 мың тонна тәтті түбір жиналды. Нәтижесінде ұзақ жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Көксу қант зауыты іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасын тауып, облыс бойынша қант қызылшасының алқабы 6,4 мың гектарға жетті. Меже бойынша одан алынатын өнім көлемі 220 мың тоннаға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жетісудағы тағы бір қант өндіруші алып кәсіпорындар санатында болған, қазір қозғалыссыз тұрған Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айтады. Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, журналист