2015 жылғы 2 шілде №15-02/606 Астана қаласы 2015 жылғы 13 шілде № 528 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2001 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына және 13-бабы 3-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, бұйырамыз:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі _______________ А.МАМЫТБЕКОВ министрі ______________________Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы ______________ С.Айтпаева
2015 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілде № 15-02/606 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілде №528 бірлескен бұйрығына қосымша
Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу және іріктеп тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына және 13-бабы 3-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бақылау субъектілері – мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын, оның ішінде пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік, фумигациалық, авиациялық және жерүсті тәсілдерімен сақтау, тасымалдау, қолдану, пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын объектілерді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) – мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізілген пестицидтер (улы химикаттар);
объективті критерийлер – бақылау субъектілерін (объектілерін) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісінен (объектісінен) тәуелсіз таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
субъективті критерийлер – бақылау субъектілерін (объектілерін) бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты таңдау үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде, адамдардың және жануарлардың жаппай улануы, ауыл шаруашылығы егістіктерін пестицидтермен (улы химикаттармен) химиялық өңдеу жүргізу кезінде егістіктердің жойылуы, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау немесе тасымалдау кезіндегі апат нәтижесінде топырақтың, судың және өсімдіктер жабынының ластануы, пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру шарттарының бұзылуы кезінде жануарлар әлемі объектілері санының азаюы және олардың өмір сүру ортасының нашарлауында көрініс тапқан оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адам денсаулығына немесе өміріне, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүддесіне зиян келтіру ықтималдығы;
тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау органдары тексерулерді тағайындау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені.
3. Іріктеп тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылады.
Жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған және тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылады.
4. Іріктеп тексерулерді өткізу жиілігі жылына бір реттен жиі бола алмайды.
5. Іріктеп тексерулер жүргізілетін талдау мен бағалаудың қорытындылары бойынша бір жылға құрастырылатын іріктеп тексерулер тізімдерінің негізінде жүргізіледі, олар құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға тиісті есеп беру кезеңіне дейін он бес күнтізбелік күн мерзімінен кешіктірілмей жолданады.
6. Іріктеп тексерулердің тізімдері мыналарды:
субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғарғы көрсеткіші бар бақылау субъектісінің артықшылығын;
тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына түсетін жүктемені ескере отырып құрастырылады.
7. Іріктеп тексерулерге арналған критерийлер объективті және субъективті критерийлер негізінде құрастырылады.
2. Объективті критерийлер
8. Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын пестицидтер (улы химикаттар) қоршаған ортаға, адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп-қатер туғызатын әлеуетті қауіпті химиялық заттар болып табылады.
Бақылау субъектілері қызметінің нәтижесінде оның ықтимал кері салдарларының ауыртпалық дәрежесін ескере отырып, объективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін бағалауға сәйкес адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне ең көп зиян келтіретін, қызметі пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану, сақтау, тасымалдау және зарарсыздандыруға байланысты бақылау субъектілері тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатады.
9. Өсімдіктерді қорғау саласында ең үлкен әлеуетті қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып, тәуекелдің жоғары дәрежесіне мына бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады:
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану;
пестицидтерді (улы химикаттарды) әуе және жер үсті тәсілдерімен (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерді қоспағанда) қолдану;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау;
тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды зарарсыздандыру;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу.
3. Субъективті критерийлер
10. Субъективті критерийлерді анықтау мына кезеңдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
ақпараттарды талдау және тәуекелдерді бағалау.
11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпараттарды жинау, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Бақылау субъектілері бойынша ақпараттарды талдау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
бақылау субъектілері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің аудандық аумақтық инспекцияларына ұсынатын фитосанитариялық есеп беру мониторингінің нәтижелері;
бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;
пестицидтермен (улы химикаттармен) ауыл шаруашылығы егістіктеріне химиялық өңдеулер жүргізу кезінде адамдардың және жануарлардың жаппай улануында, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау немесе тасымалдау кезіндегі апаттарда топырақтың, судың және өсімдіктер жабынының ластануында, пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру шарттары бұзылған кезде жануарлар әлемі объектілері санының азаюында және олардың өмір сүру ортасының нашарлауында көрініс тапқан бақылау субъектілерінің кінәсінен туындаған, қолайсыз оқиғалардың тіркелген жағдайларының болуы;
расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны.
12. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау осы Критерийлердің 12-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
13. Субъективті критерийлерді талдау және бағалау ең көп әлеуетті тәуекелі бар тексерілетін субъектіге қатысты тексеруді шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
14. Субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады.
Кем дегенде бір өрескел бұзушылық болса, тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесі көрсеткіші беріледі және елеулі және елеусіз бұзушылықтар есепке алынбайды;
Тексеру барысында өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, әрбір ақпарат көздері бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін жеке есептеу үшін, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтар жеке есептеледі, олар кейін жинақталады және пайдаланылған ақпарат көздерінің санына бөлінеді.
Әр ақпарат көзі бойынша елеулі бұзушылықтар үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткіші анықталған талаптарды бұзушылыққа байланысты елеулі бұзушылықтарының 100-ге және 0,7 коэффицентіне көбейтілген жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
Әр ақпарат көзі бойынша төмен бұзушылықтар үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткіші анықталған талаптарды бұзушылыққа байланысты елеулі бұзушылықтарының 100-ге және 0,3 коэффицентіне көбейтілген жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
15. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатады:
тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болғанда және оған қатысты іріктеп тексерулер жүргізіледі;
жоғарғы дәрежедегі тәуекелдікке жатпайтындарға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болғанда және оған қатысты іріктеп тексерулер жүргізілмейді.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша
Өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау субъектілері үшін тәуекел
дәрежесінің субъективті критерийлері
Р/с
№ Бұзу критерийлері
(ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) Бұзу дәрежесі
1 2 3
Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына ұсынатын фитосанитариялық есеп беру мониторингінің нәтижелері
1. Фитосанитариялық есептілікті тапсырмау өрескел
2. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамамен бекітілген фитосанитариялық есепке алу нысандарына сәйкес келмейтін фитосанитариялық есептілікті ұсыну өрескел
3. Фитосанитариялық есептілік жөнінде толық емес деректер ұсыну өрескел
4. Фитосанитариялық есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзу елеулі
Бұдан бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері: пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
1. Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану өрескел
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығыс нормасына, өңдеу тәсілі мен еселігіне, шектеулерге) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану өрескел
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техниканың болуы өрескел
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы өрескел
5. Өндірушінің (өнім берушінің) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарының болуы өрескел
6. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген орындардың болуы өрескел
7. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы өрескел
8. Пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспортының болуы елеулі
9. Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы елеулі
пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жерүсті тәсілдерімен (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерді қоспағанда) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
1 Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану өрескел
2 Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне (шығыс нормасына, өңдеу тәсілі мен еселігіне, шектеулерге) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану өрескел
3 Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техниканың болуы өрескел
4 Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі арнайы техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы өрескел
Өндірушінің (өнім берушінің) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарының болуы өрескел
Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген орындардың болуы өрескел
5 Ауыл шаруашылығы егістіктерін пестицидтермен (улы химикаттармен) химиялық өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде қауіптілік немесе ықтимал қауіптілік нысанасындағы ескерту белгілері мен таңбаларын пайдалану өрескел
6 Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы өрескел
7 Пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспортының болуы елеулі
8 Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы елеулі
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған, құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге жауап беретін қоймалық үй-жайлардың болуы өрескел
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарда көзделген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттарын сақтау өрескел
3. Сақталатын пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарындағы затбелгілерде көрсетілген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттарын сақтау өрескел
4. Қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау өрескел
5. Өздерінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы), өрт қауіптілігі және жарылу қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, сақтаудың температуралық режимдері бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді жеке-жеке сақтау шарттарын сақтау өрескел
6. Қойманы құрғақ сүзгі элементтері бар ағымды және сорып шығару желдеткіштерімен жабдықтау өрескел
7. Сақталатын пестицидтер (улы химикаттар) ыдыстарының затбелгілерінде көрсетілген пестицидтер (улы химикаттар) төгілген жағдайда, оларды бейтараптандыруға арналған қажетті мөлшердегі қатерсіздендіру құралдарының болуы өрескел
8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы өрескел
9. Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы елеулі
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
1 Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралдарында тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік туралы ақпарат жүйесінің авариялық карточкаларының («Сақ бол – пестицидтер – (улы химикаттар)») болуын қоса алғанда, әртүрлі көлік түрлеріне қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес арнайы жабдық пен тиісті таңбаның болуы өрескел
2 Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасуға арналған көлік құралында тасымалданатын пестицидті бейтараптандыру құралдарының, сондай-ақ жүргізуші мен ілеспе персоналдың жеке қорғану құралдарының болуы өрескел
Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылу қауіптілігі бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірге тасымалдауға жол бермеу өрескел
Пестицидтерді (улы химикаттарды) тамақ өнімдерімен, жеммен және ауыз сумен бірге тасуға жол бермеу өрескел
Пестицидтің (улы химикаттың) қауіпсіздік паспортында және пестицидті (улы химикатты) өндірушінің (өнім берушінің) пестицидті (улы химикатты) тасымалдау жөніндегі ұсынымдарында көзделген талаптарға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау шарттарын сақтау өрескел
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілер (өндірушілер, импортаушылар, сатушылар) әзірлеген және беретін жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды зарарсыздандыру әдістері мен технологияларының болуы өрескел
2. Мақсаты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз болып қалған бірінші қауіптілік сыныбындағы пестицидтерді (улы химикаттарды) саңылаусыздықты қамтамасыз ететін және қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластануы мүмкіндігін болдырмайтын сыйымдылықтарда сақтау шарттарын сақтау өрескел
3. Екінші қауіптілік сыныбындағы пестицидтерді (улы химикаттарды), қажет болған жағдайда, арнайы ішпектері бар (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) полимер материалдардан жасалған көп қабатты ыдысқа салу шарттарын сақтау өрескел
4. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды тиеу, тасу және түсіру үшін механикаландыру құралдарының болуы өрескел
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы өрескел
пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
1. Пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу үшін тәжірибелік үлгілердің және сәйкестік сертификаты бар зауыттық орамдағы эталондық пестицидтердің (улы химикаттардың) және пестицидтердің (улы химикаттардың) әсер етуші заттарының талдамалық стандарттарының болуы өрескел
2. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларына сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданудың мәлімделген регламенттерін сақтау өрескел
3. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларына сәйкес дақылдар өсірудің негізгі топырақтық-климаттық аймақтарында зиянды организмдердің ерекшеліктерін (таралу аймағын, экономикалық мәнін, ұрпақ санын, ауру қоздыратын қасиетін, төзімділігін) ескере отырып, пестицидтерге (улы химикаттарға) сынақтар жүргізу шарттарын сақтау өрескел
4. Пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізу әдістемелері мен мерзімдерін сақтау өрескел
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде персоналда жеке қорғану құралдарының және арнайы киімнің болуы өрескел
6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алудың тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабының болуы елеулі
Бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалар туындауының тіркелген жағдайларының болуы
1. Ауыл шаруашылығы егістіктерін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілмеген пестицидтермен (улы химикаттармен) химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде адамдар мен жануарлардың улануы, өсімдіктердің жойылуы өрескел
2. Химиялық өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде адамдардың мен жануарлардың улануына, ауыл шаруашылығы егістіктердің жойылуына әкеп соққан, Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттері мен технологияларын бұзу өрескел
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде авариялар болуынан топырақтың, судың, өсімдік жабынының ластануы өрескел
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау кезінде авариялар болуынан топырақтың, судың, өсімдік жабынының ластануы өрескел
5. Қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластануына әкеп соқтырған арнайы қоймалардың (көмбелердің) аумақтарында пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттарын сақтамау өрескел
Расталған шағымдар мен өтініштердің бар болуы және саны
1. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдаланатын бақылау субъектілеріне расталған шағымның болуы өрескел
2. Оны қарау бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісінің қызметі ерекше жағдайларда, үш күн мерзімінен көп емес, аталған мерзімде міндетті түрде сотқа шағым арыз түсіре отырып, соттың шешімінсіз тоқтатқан немесе тыйым салған шағымның болуы өрескел
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңын бұзған жағдайда, оны қарау бойынша тексеру субъектісі өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор әкімшілік жауапкершілікке тартқан шағымның болуы өрескел
4. Оны қарау бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор анықтаған Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою бойынша бақылау субъектісіне нұсқама жазылған шағымның болуы елеулі
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11895 болып енгізілді.