• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2016

Мемлекеттік қызметтің жай-күйі талқыланды

372 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасында Президент жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің (ҰЖМБМ) түлектері қауымдастығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің алғашқы түлектерінің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметі: қалыптасу және даму кезеңдері» атты форум болып өтті. Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары, ҰЖМБМ түлектері, сондай-ақ «Назарбаев Университет» пен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары мен магистранттары қатысты. Іс-шараның модераторы ҰЖМБМ түлегі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов болды. Форумның ашылуында Мем­лекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лықова сөз сөйледі. Ол өзінің құт­тықтау сөзінде саяси мемлекеттік қызметтің жаңа әлемдік даму трендтері арасындағы бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті. «Еліміздің тарихындағы елеулі белес Тәуелсіздіктің 25 жылдығының ая­сында өткізіліп отырған саяси мемлекеттік қызметке арналған форумның маңызы жоғары. Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің ал­ғашқы түлектерінің қанат қақ­қанына 20 жыл толып отыр. Өз­деріңізге белгілі Мемлекет басшысы биылғы жылдың 1 қаңтарынан 5 институттық реформаны жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталғанын халыққа жария етті. Бұл аса маңызды құжат Қа­зақ­станды әлемнің ең озық 30 елінің қатарына енгізуге бағытталған. 5 реформаның бірінші реформасы – кәсіби мемлекеттік аппа­раттың болуы. Сондықтан Ұлт жоспарында көрсетілген мін­­дет­терді іске асыруда саяси қыз­­метшілердің Жоғары ұлттық мем­­лекеттік басқару мектебінің қо­сып отырған үлесі қомақты. Ел Тәу­ел­сіздігінің биылғы 25 жыл­дық мерекесін Елбасы Н.Ә.Назар­баев жылдың ең басты оқиғасы ре­тінде белгілеп, біздің барлық елеу­лі жетістіктерімізді әрбір қазақ­стан­дыққа жеткізу қажеттігін атап көр­сетті. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы бәрі­міздің алды­мызға нақты міндет, үлкен жауап­кер­шілік жүк­тейді. Осы орайда бүгін­гі форум елдік мерекенің еңсесін тіктей­тін тағы бір тағылымды іс-шара­лар­дың бірі», – деді Мем­лекеттік хатшы. Еліміздің мемлекеттік қызметін жаңғырту мен халықаралық тә­жірибе Мемлекеттік қызмет сала­­сындағы өңірлік хабтың бас­­­қарушы төрағасы Әлихан Бай­­ме­­новтің баяндамасында көр­­се­тілді. «Тәуелсіздік жыл­дарын­да Қазақстан әлеу­меттік-эко­но­микалық рефор­малармен қатар, мемлекеттің рөлін өте терең өз­герткен транс­фор­ма­цияларды жүзеге асырды. Осының ішінде мемлекеттік қыз­метті жетілдіру де бар. Әрине, 90-жылдардың орта­сында жап­пай жекешелендіру мен либера­лизация өткеннен соң, нарықтық экономиканың қыр-сы­рын білетін, нарықтық эконо­микадағы мемлекеттің рөлін анық түсінетін мемлекеттік қыз­метшілер қажет болды. Мемле­кеттік саясаттың ұлттық мекте­бінің ұйымдастырылуы осы қажет­тілігімізді өтеу үшін керек болды. Қазір жиырма жылдан соң сол кездегі шешімнің дұрыс екеніне көзіміз жетіп отыр. Өйткені, осы мек­тептің түлектері әр салада оның ішінде, мемлекеттік басқару сала­сында биік жетістіктерге жетті. Сонымен қатар, жалпы ұзақ мер­зімді қажеттілікті өтеу үшін Ел­басы 1993 жылы арнайы «Бо­лашақ» бағдарламасын құрып, бүгінгі уақытта біз сол «Бо­лашақтың» мыңдаған түлек­терінің ел әлеуетін көтеруде үлес қосып жүргенін көріп отырмыз. Қазақстан мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларда аймақтық көшбасшы болып табылады. Оған бір негіз, біз әрдайым озық, халықаралық тәжірибелерді зерделеп, соның жақсыларын ендіруге тырыстық. Екінші шешуші фактор – Елба­сының саяси жігері. Біз қазір Қа­зақстанда мемлекеттік қызмет реформасының үшінші кезеңін жү­зеге асырудамыз. Мемлекеттік қыз­мет саласындағы аймақтық хаб таяуда ғана үлкен еңбекті бітіріп, тұсаукесерін өткізді. Бұл – әлемдегі мемлекеттік қыз­мет саласындағы жаһандық тренд­тер. Біздің бағалауымызша Қазақ­станда болып жатқан реформалар осы жаһандық трендтерге сәйкес. Дегенмен, біз әрдайым алға қа­рай жетілдіре түсу тетіктерін қара­с­тыруымыз қажет», – деді ол. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау тәжірибесімен Франция­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен бөлісті. Форум қорытындысы бойынша Үкіметке Қазақстан Рес­пуб­ликасының саяси мемлекеттік қызметін жетілдіру және жаңа тұр­патты басқарушыларды даярлау бойынша ұсынымдар әзірленді. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»