• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 21:04

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

29 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Отырыста Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

Жиында ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематовқа «Достық» ордені, ал ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа ТМД грамотасы табысталды.

ТМД саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.