Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар кең-байтақ еліміз мемлекеттік шекарасының әр өңіріндегі бөліктерінен әкімшілік сипаттағы заңнаманы бұзған 97 азаматты ұстады.
Нақты айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай азаматтары шекаралық режімді бұзған. Тағы үш қазақстандық азамат еліміздің аумақтық және ішкі суларындағы (теңіз) режімді сақтамағандықтары анықталды. Сонымен қатар, осыншама азамат бақылау-өткізу бекеттерінде тоқтатылған. Ал бір қазақстандық мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін қолға түсіпті.
Еліміздің көші-қон Заңын бұзған шетелдік азаматтар да шекарашылар назарынан тыс қалмады. Жалпы саны 87 шетелдік азаматтың 14-і Ресей, 47-сі Өзбестан, 9-ы Қырғызстан, 8-і Тәжікстан, 3-уі Түркия, 2-уі Әзербайжан, сондай-ақ, 1 адамнан Үндістан, Қытай, Беларусь, Ұлыбритания мемлекеттерінің азаматтары болып шықты.
«Егемен-ақпарат»