• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

Тараптар ықпалдастыққа ұмтылады

300 рет
көрсетілді

Қазақстан E-Gov-ты Оңтүстік Кореямен бірлесіп дамытатын болады 9-10 қарашада Пусан қаласында (Корея Республикасы) 3.0 «2016 Government 3.0 Global Forum» атты электронды үкіметтің жаһандық форумы өтеді. Онда АКТ саласындағы ведомстволардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, шамамен 15 елден әлемнің жетекші ғалымдары қатысады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Корея Республикасына жұмыс сапары шеңберінде аталған форумның жұмысына қатысты. Іс-шара мемлекеттік қызметте инновацияны енгізуге қатысты түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді және осы мәселелерде жетекші орын­ға ие болып отырған елдердің тәжіри­белерін қабылдауға көмектеседі. Корея Рес­публикасының Үкіметтік әкімшілігі және ішкі істер министрлігі мен ЭЫДҰ және мемлекеттік басқару саласындағы БҰҰ жо­баларының орталығы (UNPOG) форумның ұйымдастырушылары болып табылады. Форумның салтанатты ашылуында алғы сөзбен ЭЫДҰ мемлекеттік хатшысының орынбасары Мари Кивиниеми ханым сөз сөйледі. Аталған форумның шеңберінде Қа­зақ­стан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында элек­тронды үкімет саласында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды. Аталған меморандум ақпараттық-ком­муникация саласында Корея Респуб­ликасымен серіктестік қатынастарда жаңа қадам болуы керек, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда болжамды мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесуі қажет, сондай-ақ, тәжірибемен алмасуға, инвестициялар тарту мен АКТ жобаларын іске асыруда консультациялық қолдау көрсетуге ықпал етуі тиіс. Құжатқа қол қою кезінде тараптар АКТ саласында халықаралық ынтымақтастықтың үлкен әлеует екенін атап өтті, сондай-ақ, әрі қарай бірлескен жұмыстың тереңдетілуіне қызығушылықтарын білдірді. Рәсімнің қорытындысы бойынша министр Дәурен Абаев өзінің әріптесін ресми сапармен Қазақстан Республикасына келуге шақырды. Бұдан басқа, форум алаңында министр Ұлттық банктің АКТ жобаларының басшысы Джейн Трейдвэлмен кездесті, онда ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды. Сонымен қатар, Кореяға сапары шең­берінде ҚР АКМ мен «Зерде» хол­дингі делегациясының Korea Expressway Corporation және ISAN Corporation компанияларымен жұмыс кездесуі өткізілді. Қазақстан тарапына «Smart highway» бойынша шешімдер таныстырылды, сондай-ақ, жолдардың ағымдағы жай-күйінің деректер талдауын пайдалана отырып, нақты уақыт режімінде Smart highway компоненттерінің тәжірибелік көрсетілімі болды. Қосымша ретінде, Оңтүстік Кореяның барлық автомагистралін қамтитын кешенді ақылды жүйеге интеграциялаудың техникалық шешімдері мен мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілді. Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан тарапы аталған компанияларды «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға шақырды.