• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

Елбасы минералды ресурстарды қайта өңдеу мәселесін қозғады

341 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жетекші бизнес компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы: «Біз Сіздердің екіжақты ықпалдастықты ілгерілету бағытындағы қызығушылықтарыңызды және Қазақстан экономикасын дамытудағы белсенділіктеріңізді жоғары бағалаймыз. Бізде өзара тиімді әріптестік кеңістігін кеңейту бойынша  үлкен әлеует бар. Ол үшін Қазақстан құрылымдық реформалар жүрігізіп, өз экономикасын диверсификациялауға ерекше мән беруде.  Оларға  мұнайды қайта өңдеу, мұнай-газ химиясы, агрохимия,  азық-түлік кәсіпорны, электр-техникалық машина құрастыру салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жатқызуға болады", - деді. Сонымен қатар ол Қазақстанның минералдық ресурстарға бай мемлекет екенін де атап өтті. "Елімізде тек мұнай-газ ғана емес, Менделеев таблицасындағы барлық элементтер, сирек кездесетін металлдар бар.  Біз оларды өндіреміз, экспортқа шығарамыз. Қазіргі таңда біздің алдымызда өзімізде бар нәрсені қайта өңдеуді жүйелі жолға қою мәселесі тұр. Бұл ретте, үлкен кешендерді тұрғызып жатырмыз. Бізде темір кені бар, демек, одан металл жасап, түрлі бұйымдар өндіру керек. Бізде алюминий кені бар. Одан алюминий, алюминийден түрлі бұйымдар жасап шығару қажет», - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Корея