Бүгін Астана қалалық сотының төрағасы Т. Бәрпібаев сот корпусына 2016 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьяларды таныстырды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметіне - Сырлыбаев Талғат, Сарыарқа аудандық сотына - Қашқынбекова Салтанат, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - Ыдырысов Бағлан және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына - Жақсыбаев Айдос, Маманова Анар, Сембин Мақсат тағайындалды. Қалалық сот төрағасы жас судьяларға жауапты жұмысқа аяқ басқандарымен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.