• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

Жақында Астанада екі балабақша ашылады

297 рет
көрсетілді

Қалалық маслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті отырысы кезінде құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша Астананың құрылыс, тұрғын үй, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының үш жылға арналған бюджет жобасы қаралды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. Құрылыс басқармасы мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салады. Үш жылдық кезеңде құрылыс бейіні бойынша кәсіби мектеп, сонымен қатар 6900 орындық бес жаңа орта білім беретін білім мекемесін салу жоспарланған. Сонымен қатар, №16, 17, 22, 32 және 37 сияқты мектептерге жапсарлас ғимараттар салынады. Жақында елордада 480 орындық екі жаңа балабақша ашылады деп күтілуде. Бюджетте Орталық жедел жәрдем станциясының құрылысын аяқтау және «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ-не жапсарлас ғимарат салуға, сондай-ақ, Чехов көшесінің бойындағы «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ арналған 200 орындық жатаққана салуға жұмсалатын сома анықтады. Тұрғын үй басқармасының бюджетінде апаттық жағдайдағы және ескі үйлерді бұзуға, мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау мекемесіне мемлекет қажеттіліктері үшін жер телімдерін қайтарып алуға (төлеп алуға) қаражаттар қарастырылды. Өз кезегінде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы үш жылдың ішінде жаяу жүргіншілер аймағын салу мен 17 сквер жасау, Сарайшық көшесінің бойындағы «Арай» паркін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қаражат жұмсамақ.