• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

Әлихан Бөкейханға арналған қос томдықтың тұсауы кесілді

324 рет
көрсетілді

Елордадағы Ұлттық музейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы аясында өткен «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әлихан Бөкейхан туралы екі томдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап авторы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, белгілі алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы. Қостомдықтың алғашы томы – «Қазақ жерінің жоқшысы», екінші том «Аманат» деп аталады. Шара барысында С.Аққұлұлы қос томдық кітаптың қазақ және орыс тілдерінде жарық көргенін айтты. Ал, келер жылы Алашорда үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында туындыны түрік, ағылшын, украин тілдеріне аудартуды жоспарлағанын жеткізді. Өкініштісі, кітап таралымы өте аз. 400 данамен ғана жарық көрген. Жалпы, жиын барысында Әлихан Бөкейханұлы мұрасының елге таралмай жатуының, көпшіліктің тұлғаны танымай жатуының бір себебі ретінде оның мұраларының, яғни, кітаптарының тираж санының аздығы да аталды. Айгүл СЕЙІЛОВА Фото Ерлан ОМАРОВ