• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2016

Алматы облысында «25 жұлдызды күн» өтеді

258 рет
көрсетілді

«Жұлдызды 25 күн!». Алматы ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын осындай ұранның аясында атап өтпек. Облыс әкімдігі хабарлағандай, аймақта тәуелсіздік тойына орайластырылған кешенді жоспар жасалған. Солардың ішінде ең ауқымды деген 25 шараның орны ерекше болмақ. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, мерекелік шаралар кезінде жаңадан заманауи өндіріс орындары, жаңа жұмыс орындары ашылады, қайырымдылық акциялары өтеді, спорт жарыстары ұйымдастырылады, кітаптардың, деректі фильмдердің тұсауы кесіледі. "25 жұлдызды күннің" аясында облыс бойынша бір күнде 25 балабақша ашылады. Бұл балабақшалар мемлекет пен жеке сектордың әріптестігінің арқасында салынуда. Облыстағы ең қашықта орналасқан 25 елді-мекенде «Скрининг» медициналық қызметі көрсетіледі. Облыстағы 75 елді мекенді қамтитын «Жібек жолы» қайырымдылық акциясы өтеді",- дейді Р.Алпысбаев. Оның айтуынша, Талдықорғанда 168 пәтерлі арендалық үй пайдалануға беріледі, Талғар қаласында тағы 64 пәтер пайдалануға беріледі. Облыс орталығы Талдықорған қаласында 25 мың түк көшет отырғызылады. Өңірдің өнерпаз жастары 25 күй орындап, шахматшылар 25 тақтада шеберлік байқасады.