• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Астананың мектептерінде сабақты тоқтату параметрлері

407 рет
көрсетілді

Астанадағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін қыс мезгілінде қандай температура аязда сабаққа бармауға болатыны белгіленді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebook парақшасында жазды. «Кішкентай астаналықтардың ата-аналары! Оқыңыздар және естеріңізде сақтаңыздар! Астананың білім беру мекемелеріндегі қыс мезгілінде қандай ауа райының қолайсыздықтары кезінде сабақтар болмайтыны белгіленді", - деп жазды Астана әкімі. Астананың Білім басқармасының хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында сабақ мынандай жағдайларда болмайды:

–минус 25 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса - 1-4 сынып оқушыларына;

– минус 30 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса – 1–9 сынып оқушыларына;

– минус 35 градус және одан төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болса - мектептің 1–11 (12) сынып оқушыларына, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Сонымен қатар желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрден асатын болса, температура шегі артады.

Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты таңертең сағат 6.45 - 7.00 аралығында, екінші ауысым түскі сағат 12.15 - 12.30 аралығында мына ақпарат көздерінен білуге болады:

 - «Алма ТВ», «31 канал» және «СТВ» телеарналарында жүгіртпе жолдан;

– "Алма ТВ" ақпараттық кабельді арнасында хабарландырудан;

– кабельді телеарналар қосылмаған болса, «Хабар», «Қазақстан 1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарнасында дауыстық хабарламадан, «Радио-Астана», «Ретро-FM», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радиоларынан;

–  169 (ақылы), 109 (тегін) нөмерлеріне ұялы телефоннан хабарласу арқылы;

–  www. astana.gov Астана қаласы әкімдігінің сайтынан.