• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

М.Әуезов: Жаңа купюра өте бағалы дүние болады (фото)

427 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Ұлттық Банкі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық банкнотты және монетаны таныстырған болатын. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезовтің пікірінше, жаңа банкнот пен монета халық үшін айрықша бағалы зат болады. "Ұлттық валютамыздың айналымға енуі Қазақстанның тарихындағы айрықша оқиғалардың бірі. 1993 жылдың қараша айында Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шыққан болатын. Содан бергі аралықта мемлекетіміздің экономикалық құрылымы қалыптасты. Ал Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Ұлттық Банктің Мемлекет басшысы бейнеленген купюра мен монетаны таныстырғаны өте орынды қадам деп ойлаймын. Купюраға Елбасының суреті бейнеленуі Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуындағы Президенттің айрықша рөлін білдіреді. Бұл купюра үлкен құндылыққа айналады, оны адамдар бағалы дүние ретінде сақтайды деп сенемін,— деді Мағжан Әуезов. Арнұр Асқар, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсірген Ерлан Омаров