• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Көктемгі аң аулауға тыйым салынуы мүмкін

279 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдері көктемгі аң аулауға тыйым салу бойынша мәлімдеме жасады. Ел аумағында қолданысқа түсіп жатқан Аң аулау ережесіне сәйкес, көктемгі мезгілде аталық үйректерге, аталық балшықшыларға, жылқышы құсына, саңырау құрға және құрларға аулау жүргізуге рұқсат берілген. Көктемгі аң аулау науқанында ресми түрде үйрекке рұқсат етiлген лимиттер 5%-дан артық бөлiнбейдi, яғни ұсынылған тыйым салу бойынша аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң экономикалық шығындары өте аз. Көктемгі аң аулау ұя салу науқанын жедел түрде бұзатын пәрменді фактор болып саналады. Оның үстіне өсімпаз болып саналатын белсенді әрі құнды аталық түрлердің ұсталуы – тектік қорды азайтады. Қазіргі таңда Қазақстанда 150 000 аңшы тіркелген. Бұдан бөлек елімізге шетелдік аңшылардың үлкен шоғыры келіп тұрады. Сонымен қатар, көктемгі аң аулау тәртібін бұзу фактілері анықталуда. Бұл олжалауға рұқсат етілген аталық үйректер санының артуы, көктем мезгілінде тыйым салынған үйректердің атылуынан көрінуде. Сондай-ақ, көктемгі аң аулауға заңды түрде рұқсаты бар кейбір аңшылар тыйым салынған аңдарды да аулау деректері кездесуде. Айталық, 1 наурыз бен 20 мамыр арасындағы көктемгі аң аулау кезінде республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 185 факт тіркеліп, 187 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушы жауапкершілікке тартылды, 35 бірлік оқ ататын қару тәркіленді. Жабайы қанаттылар санынның азаю динамикасы олардың санын көктемгі аң аулауға тыйым салу тәсілімен көбейтуге мәжбүрлейді.