• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

Астанада құрылыс аумағында өрт болды

396 рет
көрсетілді

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт болды, - деп хабарлайды egemen.kz Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, өрт арнайы қызметкерлер келгенге дейін сөндірілген. "Сағат 14.52-де Хусейн бен Талал - Орынбор көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 14.59-да салынып жатқан "Арнау" тұрғын үй кешенінде жылыту құралының жанып кеткені анықталды. Өрт арнайы қызметкерлер келгенше сөндірілген. Өрттің аумағы бес шаршы метрді қамтыды", - деді Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.