• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2016

БҚО-да 25 жылда 11 спорт кешені ашылды

271 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында 11 спорт кешені іске қосылған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Екі жыл бұрын елімізде әзірге баламасы жоқ теннис корты салынды. Қазір мұнда 130 жас спортшы жаттығып жүр. Барлық талаптарға сай келетін нысанда 300 жанкүйер бір мезгілде бірнеше ойынды тамашалай алады. Жуырда жаңа нысанда әйгілі Ярослава Шведова шеберлік сыныбын өткізді. «Спорт нысандары ең алдымен кейінгі жас буын үшін өте қажет. Осыған дейін іске қосылған ғимараттарда жаттыққан жеткіншектердің алды жеңіс тұғырынан көріне бастады. Жетіп жатқан жетістіктер соның жарқын дәлелі», - дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов.