• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Маңғыстау облысында 185 әлеуметтік нысан жөнделуде

290 рет
көрсетілді

2016 жылы Маңғыстау облысында инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды көздейтін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаражатқа 185 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда. Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы санының 63-і - абаттандыру, 57 - білім беру, 22 - көлік инфрақұрылымы, 19 - инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, 16 - мәдениет, 4 - денсаулық сақтау, 3 - спорт, 1 - әлеуметтік қорғау саласына жатады. Қазіргі уақытта 184 жоба іске асырылуда, оған 946 адам жұмысқа тартылды. Олардың 686-сы «ЖЖК-2020» қатысушылары.