• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Математика мамандары бақ сынасты

524 рет
көрсетілді

Бүгінгі күнде мұғалім еліміздің білім беру саясатындағы басты тұлға ғана емес, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеру мәселесін шешуде айқындаушы рөлді де атқарады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындауынша, мемлекетіміздің білім беру саясатының басым бағыттарының негізі педагог мамандығының беделін арттыру болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыстың басты көрсеткіштерінің бірі тәжірибе алмасу, білім, білік негіздерін тарату екені анық. Алматы қаласы білім бас­қармасының «С.Қожы­қов атындағы №39 мамандан­ды­рылған лицей» КММ базасында Қазақстан математика мұғалімдері ассоциациясының ұйым­дастыруымен жақында математика, физика және информатика пәндері бойынша ІV Халықаралық мұғалімдер шығар­машылығы байқауы өтті. Байқау оқушылар мен студенттерді олимпиада мен кон­курстарға дайындау жұмысымен айналысатын, өзін-өзі жетілдіре отырып, мұғалімнің шығармашылық еркіндік кеңіс­тігін құруға ынталандыру, математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық тұрғыда өзіндік айқындалуын қамтамасыз етіп, әрі қарай жеке тұлғалық, кәсіби өсуін, педагогикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге құлшынысын арттыру мақса­тында ұйым­дастырылды. Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Ресей Феде­ра­циясының мұға­лім­дері қа­тысқан байқауда бар­лығы 21 команда, соның ішінде, 173 мұғалім бақ сынады. Математик мұғалімдер бай­­қауына академик Асқар Жұ­ма­ділдаев бастаған айтулы ма­­мандар төрелік жасады. Аталған іс-шара мұғалім­дер­дің тәжірибе алмасып, білік­тілік­терін көтеруіне зор ық­пал еткен игі іс болды. Бай­қау қо­рытындысы бойынша Ал­маты қаласы бірінші орынды иеленіп, топтан озып шықты. Гауһар БЕКТҰРҒАНОВА, С.Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лице­й директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары АЛМАТЫ