• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Жасампаздық жылнамасы

269 рет
көрсетілді

2006 * 1 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жаңажылдық құттықтауы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Құттықтауда: «Еліміз саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Төртінші желтоқсанда өткен Елбасы сайлауы халқымыздың береке-бірлігі мен біртұтастығын дүние жүзіне жарқырата көрсетті», деп жазылды. * 25 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық Кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Отырыстың нәтижесінде Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қосылуы туралы құжаттарға қол қойылды. Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ-тың экономикалық комиссиясын құруды ұсынды. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей басшысы В.Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту туралы Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сонымен бірге, мемлекеттер басшылары 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Су асты қорын пайдалануға дербес құқықтарды орындау мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісімнің 2002 жылғы 13 мамырдағы хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды. * 20 наурызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримов екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелері, Орталық Азия өңіріндегі және маңызды халықаралық жағдайлар бойынша пікір алмас­ты. Сапардың қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды. * 31 наурыз, 1 сәуір күндері Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Ауғанстан Ислам Республикасына жұмыс сапары болды. Сапар шеңберінде Қ.Тоқаев Ауғанстан Президенті Х.Карзаймен және Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Х.Резаймен кездесті. Ауғанстан мемлекетінің басшысына Қазақстанның Ауғанстанмен достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға байланысты құжат әзір болғаны туралы Қазақстан Президентінің Жолдауы мен Х.Карзайды АӨСШК-нің екінші саммитіне қатысуға шақыруы табыс етілді. * 3 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барды. Кездесу шеңберінде Елбасы ресейлік әріптесі В.Путинмен сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сапар аясында Н.Назарбаев пен В.Путин Мәскеудегі «Чистопрудный бульвар» саябағында орнатылған Абай ескерткішін салтанатты жағдайда ашты. * 4-5 мамыр күн­дері Тәжікстан Респуб­ли­касының Президенті Э.Рахмоновтың Қазақ­­- с­танға ресми сапары болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Пре­зиденті шағын құ­ра­м­­да кездесіп, екі ел­дің түр­лі саладағы ынты­мақ­­тастығын дамы­ту­ға қатысты мәселелерді тал­­қылады. Кездесу қо­ры­­тын­дысында мемле­кет­тер басшылары Бір­лескен мәлімдемеге жә­не бірқатар екіжақты ке­лісімдерге қол қой­ды. * 5-6 мамыр күндері Америка Құрама Штат­тарының вице-президенті Ричард Чейнидің Қазақстанға ресми сапары болып өтті. Қонақты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Өткізілген келіссөздер шеңберінде тараптар энергетика, инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастардың келешегін талқылап, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Каспий теңізі бассейніндегі жағдай бойынша пікір алмасты. АҚШ вице-президенті америкалық тараптың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудегі ынтасына қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Сапар шеңберінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. * 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының саммиті өтті. ** 17 маусымда Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) екінші саммиті болды. * 25-27 маусым аралығында Малайзияның Жоғары билеушісінің шақыруымен Президент Н.Назарбаевтың осы елге мемлекеттік сапары болды. Сапар шеңберінде Мемлекет басшысы король Янг ди-Пертуан Агонг XI-мен, Премьер-министр Абдулла Ахмад Бадауимен кездесулер өткізді. * 4-5 шілде күндері Қырғыз Республикасының Президенті Қ.Бакиев Қазақстанда ресми сапармен болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан басшысының кездесуі нәтижесінде екіжақты қатынастардың маңызды мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізіліп, 11 екіжақты құжатқа қол қойылды. * 11 шілдеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Хорватияда болды. Елбасы Хорватияның Президенті Стьепан Месичпен, Премьер-министр Иво Санадермен кездесулер өткізді. Сапар шеңберінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін Хорватия жағының қолдайтыны туралы Бірлескен мәлімдеме қабылданды. * 17 шілдеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында өткен «Үлкен сегіздіктің» саммитіне қатысты. Бұл форумға Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ның Төрағасы ретінде қатысу үшін шақырылды. Аталған шара шеңберінде Қазақстан Президенті сөз сөйледі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев саммит аясында АҚШ Президенті Джордж Бушпен, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен, Франция Президенті Жак Ширакпен, ГФР Канцлері Ангела Меркельмен, Үндістан Премьер-министрі Манмохан Сингхпен екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 18 шілде күнгі нөмірінде «Әлемдік саясаттың үлкен сахнасы» тақырыбымен мақала жария­ланды. * 17-18 шілде күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Латвияға мемлекеттік сапары өтті. Елбасы Латвияның Президенті Вайра Вике-Фрейбергамен және Премьер-министрі Айгарс Калвитиспен кездесті. Сапар шеңберінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, туризм мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. * 22 шілдеде Қазақстан Президенті, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен ТМД-ның бейресми саммитіне қатысты. Жиында Қазақстан Президенті Достастықты реформалау туралы маңызды ұсыныстар жасады.