• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2016

Қарызыңды өтемесең, жарықсыз отырасың!

370 рет
көрсетілді

Семейліктердің проблемасы жылу ғана емес, жарыққа да келіп тіреледі. Әлі күнге дейін электр энергиясына қарызды төлету мәселесі де күн тәртібінен түспей келе жатыр. Бүгінде қаламызда заңды және жеке тұлғалардың электр қуаты үшін жалпы қарызы 717 млн теңгеден асып кетіпті. «Шығысэнерготрейд» серіктестігінің сату жөніндегі менеджері Александра Чуркинаның айтуынша, тұрғындардан бұрын, коммуналдық мекемелердің берешегі көп. Мәселен, «Жылукоммунэнерго» мен «Семей су арнасы» мекемелерінің жалпы қарызы 513 млн теңгеден асқан. Уақтылы төлейтін көбіне зейнеткерлер. Жеке тұлғалардың электр қуаты үшін жалпы берешегі 147 млн теңге. Жарықпен қамтушы мекеме өкілінің айтуына қарағанда, былтырғы мерзіммен салыстырғанда абоненттердің берешегі артып отыр. Сондықтан да алдағы уақытта жарықтан ажырату шарасын жиі қолдануға тура келеді. Құрамында «Шығысэнерготрейд» пен ШҚ ӨЭК мекемесінің қызметкерлері, сот орындаушылар бар арнайы топ Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі 105-үйде тұратын тұрғынды электр энергиясынан ажыратты. Қарызы 80 мың теңгеден асып кетіпті. Оған бірнеше мәрте «берешегіңді төле» деген ескертпелер жасалса керек. Нәтиже шықпаған соң сот орындаушысы, электрмен қамтушы мекеме өкілдерімен бірге үй иесінің мүлкін тәркілеуге келді. Бірақ өзін «үй иесінің баласымын» деп таныстырған кісі үйге кіргізбеді. – Үй қожайыны осында тұратыны анық, – деді мемлекеттік сот орындаушы Құралай Қайырбекова, – сот орындаушылар мұнда бірнеше рет болды. Сыртқы есіктері ылғи бекітулі тұрады. Ескертуді жазбаша, ауызша талай айттық. Ол сот шешімін ерікті түрде орындаудан бас тартып отыр. Алдағы уақытта ішкі істер басқармасы арқылы қарызы бар үй иесін мәжбүрлеп әкелу шарасын қолдануымызға тура келеді. Және қарызын өтегенше бұл үй де жарықсыз отыратын болады.  Раушан НҰҒМАНБЕКОВА   СЕМЕЙ