• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2011

Туған күнді жылда тойлау жөн бе?

1570 рет
көрсетілді

«Дәстүрдің озығы бар, то­зығы бар» деп мақалдап жүріп, біраз жақсы салт-дәстүр­лері­мізді жоғалтып алдық та, біраз пайдасынан зияны басым дәс­түр­лерді жамап алып, әдетке ай­налдырдық. Сол жамап алған әдет­тің бірі жылда туған күнді тойлау. Мен бұл жерде 50, 60, 70 сияқты арасына он жыл салы­нып жасалатын мерейтойларды айтып отырғаным жоқ. Ондай жасқа келу, соған аман жету қуаныш екені рас. Ондай жасқа жете алмай кеткендер қаншама. Мәселе туған күнді жылда тойлау жөнінде. Менің бір әп­кем бар. Ауылда тұрады. Өз­дері жан­ды-жақты бірталай жан. Өз­дері­нің және балаларының ту­ған күн­дерін жылда өткізіп ж­ата­ды. Ай са­йын, кейде бір айда бірнеше ту­ған күн тойын өт­кізеді. Кейін олар­ға неме­релері­нің туған күндері қо­сылды. Ауыл­да қазір туған күн арақ-шарапсыз өтпейді. Бірде әп­ке­ме: «Осыларың не дарақылық. Б­а­ла­лардың мүшел жастарын ғана атап өтіп, жылда туған күнді тойлауды қоймай­сың­дар ма», деп кеңес айттым. Сонда ол: туған күн­ді тойлағымыз келіп бара жатқан­дықтан емес, еріксізден жа­сай­мыз. Ауылдағылар, әсіресе, жас­тар жағы бір-бірлерінің туған күн­дерін жаттап немесе жазып ал­ған. Сол күні «туған күндеріңмен» деп ша­қыру­сыз-ақ келіп тұрады. Амалсыз ерте қамданып, қазан көтереміз. Жүз грамм жұтпай, көңілдері көн­шімейді. Қалай ренжітерсің, деп шынын айтты. Сондай күй жұрттың бәрінің басында бар. Қазір балалар туған күндерін бірнеше ай бұрын сөз қыла бастайды. «Туған күніме не сыйлық әпересіңдер, кімдерді, қан­ша достарымды шақырасың­дар», деп соны ойлаумен бола­ды. Кейбір ауқатты ата-аналар ба­ла­сы оқитын сынып оқушы­лары­ның бәріне дорбамен дәмін апа­рып беруді шы­ғар­ды. Үйде өткізетіні өз алдына. Бір үйде бірнеше бала болса, сонша ту­ған күн жасалады, достары шақы­ры­лады. Ал осы ата-ана үшін қо­сым­ша шығын екенін былай қой­ған­да, дұрыс тәрбиеге жата ма? Ме­німше, туған күнді жылда тойлау үлкендер үшін де, балалар үшін де дарақылық, ысырап. Қаржылай да, уақыт жөнінен де ысырап. Қазақ халқының, мұсылман жұр­ты­ның наным-сенімінде, ата салт ұғымында ысырап күнәнің бір түріне жатады. Қазақ тек мүшел жасын ғана атап өткен. Мүшел жас­қа ене бас­тағаннан бастап, же­тім-жесірлерге садақа беріп, Алладан тілек тілеп, кінә-күнә­лары үшін Құдайдан кешірім сұ­ра­ған. Міне, бұл қол­дай­тын-қостайтын өте жақсы дәс­түр-салтқа жатады. Бұ­рын үл­кендер батып бара жатқан күнге қарап тұрып «тағы да бір кү­нім өтті, ақырға бір күнге жа­қын­дадым» деп мұң етеді екен. Қа­зір адамдар әр күні түгіл, әр өткен жылына, керісінше, қуа­нып, туған күндерін тойлай беруге құмартып алды. Балалар да туған күндерінің тез келуін асыға күтетін болды. Туған күнді жылда тойлау – өз­ге жұрттан арақпен қоса еріп келіп жұққан жаман әдет. Қазақ одан арақ­пен қоса құтылғаны абзал демекпіз. Жұма – Назар СОМЖҮРЕК, жазушы.