• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Бірыңғай экспорт стратегиясы: бұрынғыдан өзге бастама

243 рет
көрсетілді

Бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыру бағытын жалғастыру басты міндеттердің бірі болып қалуда. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомствоға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету керек. Елбасының биылғы Жолдауында осын­дай міндеттер нақтыланды. Осы­ған орай Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отыры­сын­да Инвестициялар және даму ми­нистрлiгiне экспорт саясаты жө­нін­дегі кеңес құру бойынша ұсы­ныс­­­тар енгiзудi тапсырды. Оған биз­­­нес қоғамдастығының өкілдері кі­­руі тиіс. Сондай-ақ, 1 қыркүйекке дей­­ін бірыңғай экспорт стратегиясын қабылдау керек. Қазіргі таңда елдің экономикалық өсі­мі­н­де отандық өнеркәсіптің үлесі ар­­тып келе жатқанын ешкім жоққа шы­­ғармайды. Оның бір дәлелі, өт­кен жылғы ІЖӨ өсімі 1 пайызды құ­рады. Қазіргідей әлемдік на­рық­та­ғы тұрақсыздық, шикізатқа ба­ға­ның төмендігі сияқты келеңсіз шақта бұл көңіл қуантарлық жағдай. Себебі, бұрын елімізде ішкі жалпы өнім көлемінің негізгі бөлігі осы ши­кізат өнімдерінен түсетін, бірақ қа­зір жағдай өзгерген. Отандық өн­ді­­рістің өркендеуі сыртқы на­рық­­та­ғы шикізат бағасына тәу­ел­­­ділікті азай­т­­ты. Мұның н­е­гіз­гі та­­мыры елі­мізде қолға алын­ған үде­мелі ин­дус­триялық-инно­­ва­ция­лық да­му­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сында екен­дігі анық. Қа­зіргі таң­да еліміз бұл бағ­дар­ламаның екін­ші бес­жыл­ды­ғына аяқ басты. Ресми деректерге сүйенсек, жал­­пы, индустрияландыру бағ­дар­ла­­ма­сын жүзеге асыру жылдарында 4,6 трлн теңгенің 961 жобасы жү­зеге асы­рылса, өткен жылда 179,2 млрд тең­генің 63 жобасы іске қо­сылған. Бұл – 4,8 мыңнан ас­там тұрақты жұ­мыс орны. Қолға алын­ған жоба­лар арқылы 7,5 трлн теңгенің шамасында өнім өндірілсе, оның 1,8 трлн теңгесі соңғы он айға тиесілі. Қазір Үкімет алдында 2025 жыл­ға қарай шикізаттық емес экспорт­ты 2 есе ұлғайту міндеті тұр. Міне, осы ме­жеге жету үшін әлі талай жұ­мыс­тар атқарылуы тиіс. Сол мақсатта экс­­порт саясаты жөніндегі кеңес құ­ры­лып, бірыңғай экспорт стратегия­сын қабылдау керек. Бүгінде Елбасының халыққа ар­на­ған Жолдауы қызу талқыланып, қол­дау тауып жатқаны мәлім. Со­ған сай ұсыныстар да айтылуда. Мәсе­лен, Парламент Мәжілісінің де­­путаты Азат Перуашев Жол­дау­ға қолдау білдіре отырып, қазақ­стан­­дық кәсіпорындарды жаңғырту жә­не технологиялық тұрғыда да­мы­ту мәселесіне байланысты пі­кі­рі­мен бөліседі. Оның айтуынша, басты мәселе зауыттардың тех­но­л­о­гиялық мүмкіндіктері мен өн­ді­ріс­тік деңгейін ешкім қадағалап отыр­мағандығында болып отыр. Олар­дың қандай халықаралық стан­дарттарға сай жұмыс жасап жат­қандығын да ешкім білмейді, дей­ді депутат. Сондықтан, қолда бар кәсіпорындарды жаңғыртып қа­на қоймай, индустрияландыру аясында жаңа жобаларға деген көз- қарасты өзгерту керектігін, мем­ле­кеттік қолдауға ие жобаларды тех­нологиялық стандарттарға және әлем­дік үрдістерге жауап беретін тех­никалық регламенттерге бағалап отыру керектігін айтты. Сондай-ақ, «Атамекен» ұлт­­тық кәсіпкерлер палатасы бас­қар­масының төрағасы Абыл­ай­ Мырзахметов БАҚ өкіл­дері үшін өткізген баспасөз мәс­ли­ха­т­ын­да Жолдаудың басым бө­лігі кә­сіп­кер­ліктің қатысуымен жү­зеге аса­ты­нын айта отырып, ин­дус­триялық ай­мақтардың жұмысына қатысты бір­қатар мәселені қозғады. «Расын айтсақ, кәсіпкерлердің бар­лығы да жергілікті жерде, нақты бір аймақта қызмет жасай­ды. Сондықтан, жергілікті ат­қа­ру­шы органдардың кәсіпкерлікті дам­ы­ту­дағы міндеті, жауапкершілігі Жол­дау­да нақты айтылған. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлікті дамытуға жер­гілікті билік те қатысып жүрді. Бі­рақ, байқасаңыздар, жергілікті би­лік көбінесе әлеуметтік салаға мән береді», деді А.Мырзахметов. Бас­қарма төрағасы осы ретте жер­гілікті кәсіпкерліктің дамуына ке­дергі болатын жайттарды да айтты­. «Біздің әрбір ауданда филиалымыз бар. Сондықтан, жергілікті жер­лердегі кәсіпкерлік жайынан ха­бардармыз. Таяуда Елбасының қа­былдауында болғанымызда да баян еткенбіз. Жергілікті жерлердегі кә­сіпкерлерді толғандыратын мәс­е­ле­нің бірі – жер. Жергілікті жерлерде жер телімдерінің кәсіпкерлерге еш кедергісіз, қағазбастылықсыз, ашық, жария түрде берілуі әлсіз жү­­руде. Өкінішке қарай, онлайн алаң­дар дұрыс жұмыс істемеуде. Екінші мәселе, құрылыс салуға қажет құжаттарды алудағы қиындықтар болып отыр. Мұнан бөлек, бірқатар салықтар да бар. Қазір бізде 60-қа жуық индустриялық аймақ жұ­мыс істеуде. Бірақ олардың жұ­мыс­тары кәсіпкерлердің көңілінен шық­пайды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­­порациялар бар. Олардың ж­ұ­мыстары да кәсіпкерлер үшін кө­­мескі», деді А.Мырзахметов. Яғ­ни, жергілікті әкімдіктердің қо­­лын­да кәсіпкерлерге арналған сан-алуан ауқымды құралдар бол­ға­нымен олардың тиімсіз болып отыр­ғандығын жеткізген. Негізінен, межелеген мақсатқа же­ту үшін көптеген іс қолға алынып, осы күнге дейін тиімділігін көр­­сете алмаған кейбір тетіктер жа­­ңаруы, технологиялық тұрғыдан жаң­­ғыруы керек-ақ. Соған сай ұсы­ныс­тар қабылданып, тың іс-ша­ра­лардың да жүзеге асуы өте ма­ңыз­ды. Ал негізгі нәтиже, әрине, уа­қыттың ғана еншісінде. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»