• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Өзгерістерге ұмтылысты тек қолдау керек

164 рет
көрсетілді

Қазіргі күнгі халықаралық жағдайды бағамдасақ, жаһанды шырмаған қиын-қыстау кезеңнен Қазақстан нақты жобаларды батыл жариялау арқылы сәтті қадам жасауда деп болжауға әбден болады. Ресей мен Батыс елдерінің арасындағы түсінбеушілік пен әлемдегі өзге де саяси-экономикалық жағдайдың күрделенуіне қарамай, Қазақстан Қытай елімен бірлесе Ұлы Жібек жолының жаңа дәуірін жандандыруды көздеуі сенімді серіктестіктің жарқын көрінісі. Мұның бәрі елдің сырт­­қы саясатына қатысты әре­кет­тер. Ал енді ішкі тұрақты­лықты сақтай отырып, жағдайды жақ­сартуға бағытталған жұмыстар өзек­тілігін жойған емес. Мем­лекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсу үшін Пре­зидент Н.Назарбаев ар­найы Үндеу жариялады. Тағы бір ерекше атап өтуге тұрарлық мәселе – сырт көзге сал­саң Қазақстан өзінің ашық­­­тығымен және мақсаты ай­қын жоспарлары­­мен Еуразия кеңіс­тігіндегі көрші ел­дер­мен әріптестік қадамдарын нығай­­та түсуде. Осылайша, бұл ел Еура­зияның солтүстік өңірі мен Орталық Азия­дағы тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы­на өлшеусіз үлес қосуда әрі онысы нәтижесіз де емес. Себебі, сенімді серік­тестерсіз Еуразиялық инте­грация мен Ұлы Жібек жолының жаңа кезеңін­де нық қадам басу оңай шаруа болмасы анық. Ол үшін, әрине, Қазақстандағы саяси басқару қыз­метті заманауи талапқа сай әрі уақыт сұранысымен үндесе оты­рып, қайта жаңғыртылған болуы керек. Менің ойымша, оны бүгінгі би­лік дер кезінде қолға алып, сәтті жүзеге асыруда деп санаймын. Соны­мен қатар, ішкі саяси жағдайдағы басқарушылық әлеуеттің де осал еместігі айқын аңғарылады. Қазақстанда билікті орта­лық­­сыздандыру елді орталықтан бас­­қарудан шығару дегенді біл­дірмейді. Мұны біз Қытайдың басқарушылық жүйесіне қарап байқауымызға болады. Дегенмен, Қазақстандағы билікті жаңғырту үдерісін қуатты идеология немесе электоралды компаниялар арқылы ойдағыдай жүзеге асырған жөн. Тек, жалпыұлттық талқылау барысында демократиялық теңдік қағидасы сақталып, артық толқу мен көлеңкелі әрекеттерге жол берілмегені жөн. Қалай болғанда да, Қазақстан үшін орталықсыздандырылған басқару жүйесі қажет. Себебі, мұндай жол­мен жоғары технологиялы сала­да орта және шағын бизнес­тің қар­қынды дамуына зор мүмк­ін­діктер береді және қалыптасқан бизнес әркезде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Әрине, бұл жерде бәсеке деп Қы­тай мен Еуразиялық эконо­мика­лық одақ нарығын атауға болады. Сонымен қатар, қарышты дамы­ған жоғары технологиялы бизнес билікпен де терең әріптестік орната білгені мақұл. Әсіресе, биз­нес жер­гілікті басқару сана­тын­дағы би­лік­пен етене араласуы зор ма­ңызға ие. Өйткені, қазіргі биз­нес білім жүйесі мен ғылым және тех­но­ло­гиямен, стандарттау талап­тары­мен астасқан. Ал Қазақ­стан­дағы ай­мақ пен жергілікті билік орган­дарын­­дағы коммуникациялық даму ауқы­мы осылай деуімізге негіз болады. Сондықтан, билік өкі­лет­тік­терін қайта бөлуде жергі­лікті би­лік пен кейбір ведомстволардың ара­сын­да­ғы бизнестің байланысын ны­ғайту­ға басымдық берілуі тиіс. Осы­лай жасалған жағдайда кейбір ай­мақ­т­ардағы партиялық ұйымдарға да өңір­лердегі саяси жүйені еркін шолып отыруға мүмкіндіктер туады. Юрий ШЕВЦОВ, Еуропалық ин­теграция мә­­­се­­­лелері жө­нін­­д­егі орта­лық дирек­торы (Беларусь)