• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Білім берудің жаңа көкжиегі

408 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Білім мен ғылымды терең игерген ел ғана әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатынын басты назарға алған Мемлекет бас­шысы тәуелсіздіктің 25 жылы ішін­де қазақ­стан­дық білімді халықаралық стан­дарт­тарға жақындату, сәйкестендіру үшін қаншама тер төккені бізге жақсы мәлім. Елбасының биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке­лестік­ке қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауы да білім саласын айналып өтпеді. Қазақстан дамуының үшінші кезеңінде елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсім­нің жаңа моделін қалыптастыру қажет­тігі туындап отырса, экономикамен қатар, оның негізгі тірегі болып табылатын адами капитал сапасын жақсарту, мұның ішінде білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту мәселесі сөз болғаны осы ойым­ның дәлелі. «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделі­нің орталық буынына айналдыру», деген Елбасы оқыту бағдарламаларын, оқушы­ның сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін, ақпараттық-ком­муникативтік технологияға негіздел­ген білімді, қаржылық сауаттылықты қалып­тастыруға, ұлтжандылық қасиетті дамытуға баса көңіл бөлу керектігін атап көр­сетті. Шын мәнінде, ақпараттық-ком­му­никативтік біліммен қаруланған өз елін сүйетін ұлтжанды, шынайы пат­риот ұрпақ тәрбиелеу ұлт болашағы­ның кепілі десек, Елбасының білі­м­ді, бәсекеге қабілетті отаншыл жастар­ды қалыптастыру туралы ұсынысы өте орынды дер едік. Өйткені, жалпы білім беретін мектептер алдағы уақытта ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуі керек. Жолдаудың білім саласына қатыс­ты тарауында үш тілді оқытуға да кезең-кезеңмен көшу мәселесі сөз болды. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағыл­шын тілі – жаңа технология, жаңа индус­трия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11-сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз», деген Елбасы үштілділік мәселесін тағы да назарға салады. Бақтияр СМАНОВ, ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор