• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

ҚР емес Қазақстан, Қазақстан Республикасы

286 рет
көрсетілді

Осы күні басылымдарды,­ ке­рек құжаттарды қо­лы­­­ңа алсаң, ҚР деген екі әріп алдыңнан шы­ға­ды. Әри­­­не, бұл толық жаз­саң, Қа­зақ­стан, Қазақ­стан Рес­пуб­­­ликасы деген ұғым­ды біл­­діреді. «Жақ­сы сөз – жа­­­рым ыр­ыс» деп ұққан қа­­­зақ үшін әлгі екі әріптің кей­­де ес­ті­луі құ­лаққа түр­пі­­­дей тие­тін­ін несін жа­сы­­­ра­мыз. Тік­сіндіретіні де бар. Бая­ғыда Михаил Гор­­­­ба­чевтің қайта құруы ба­с­­­талғанда үлкендер жағы «құ­­­рысаң, құры» деп жиі ай­­­тушы еді. Ақыры құрып тын­­ды. Қалай десек те, қай сөз­­дің де жақсы естілгені ке­рек-ақ. Тәубе, тәуелсіз мемлекетпіз. Ел­басының сара саясатының ар­қасында төрт құбыламызды тү­­гендеп, әлемге толықтай та­ныл­дық. Иықтасып отырып, тең дәрежеде сөйлесетін күнге де жет­тік. Ендеше, Отанымыз кө­ле­міндегі лауазым иелерінің, үл­кен дәрежелі мекемелердің, қа­был­данған құжаттардың немесе тиіс­ті органдарға жөнелтетін хат ал­­масулардың алдына ҚР-ны қо­су­дың қажеті қанша? Өз елімізде ҚР демесек те, яғни екі әріпті қос­­пасақ та қалыптасқан Қазақ елі, Қазақстан мемлекеті екеніміз тү­сі­нікті емес пе?! Иә, өзге мемлекеттерге, бас­қа елдерге барғанда, не біздің Ота­нымызға өзге жұрттардың мем­­лекет, ведомство басшыла­ры кел­генде, әлбетте ҚР деп емес, Қазақстан немесе Қазақстан Рес­пуб­­ликасы деп жазу керектігі өзі­нен өзі түсінікті. ҚР деп жазса, Қырғыз Республикасы да еске тү­седі. Бұл Қазақ КСР деген сөз ке­шегі Кеңес дәуірінде республика­ларды бірінен бірін ажырату үшін қолданылғаны белгілі. Соны жаң­ғырта беру елдігімізге жарас­пай­тыны айдай ақиқат. ҚР ҰҒА ака­демигі деп жазатынымыз да бар. Осыны ҰҒА десек те, Ұлттық ғы­лым академиясының академигі еке­нін Қазақ елінің азаматтары ұға­ры хақ. Жалпы, қысқарған сөздерді қолданудың белгілі бір жүйесін қа­лып­тастырып, елдігімізге, ұлт­тық ұғы­мға сәйкестендірсек ұтылмас едік. Кейбір қысқарған сөздер қар­сы алдыңда қасқайып тұрғанда екі бетің шиедей қызарады. Қатар ке­ле жатқан ұрпағың: «Бұл қалай?» де­се, тіліңді тістерің сөзсіз. Тіпті, шет жұрттардың әрпімен жазылған одан да сорақыларды көзің шал­ғанда, сол жарнамаға рұқсат бер­ген­дердің қазақ ұғымына «сауаты» кем­шін-ау демеске шараң жоқ. Мұндай нәрсені жіті ескеру ар­қылы қазақы қалыпты бұзбай, к­е­йінгіге жетелі ұғым жеткізуді ес­керсек екен деген ниетті ортаға салуды жөн көрдік. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»