• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Сапалы білім – саналы тәрбие бастауы

1255 рет
көрсетілді

Сенатта еліміз тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі шаралар ая­сын­да білім беру, ғылым, ин­нова­циялық секторды одан әрі дамыту міндеттерін заңнамалық тұрғыда қам­та­ма­сыз ету мәселелері бой­ын­ша ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы білім беру, кәсіби мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруді талап етеді. Білім беру үдерістеріндегі тәсілдерді түбе­гей­лі өзгерту осы саланы жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүм­кіндік береді. Конференцияны ашқан Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетінің төрағасы Ақан Би­жа­новтың айтуынша, ғылыми лабораториялар, шеберлік сынып­та­ры, ұлттық университеттер жа­ны­нан құрылған зерттеу орта­лық­тары ғылыми ауқымды техно­ло­гияны енгізуге, инновациялық өндірісті дамытуға ықпал етеді. Президент Н.Назарбаев тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарынан бастап жоғары білікті мамандар даярлау және білім беру, ғылым және инновациялық саланы ха­лық­аралық стандарт талаптарына сай жетілдіру мәселесіне жіті назар аударып келе жатқаны белгілі. Аталған шараға арнайы қа­тыс­қан Сенат Төрағасының орын­басары Мұхамбет Көпеев Парламент депутаттарына, мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, ғылыми орталықтар мен сарапшылар қау­ымдастығының өкілдеріне арна­ған құттықтау сөзінде мәселенің маңыздылығына ерекше тоқтал­ды. Халықаралық тәжірибе көр­сет­кендей, білімге салған инвестиция қоғам мен экономика үшін айтарлықтай табысты болуына ық­пал етеді. Н.Ә.Назарбаев өз сө­зінде америкалық компания­лар­дың әр қызметкерін оқытуға салатын 35 мың доллары 1 миллион табыс болып қайтатынын ерекше атап көрсеткен-ді. АҚШ компаниялары өздерінің қыз­мет­керлерін оқыту үшін жыл сайын 50 миллиард доллар салса, ол 1 триллион 430 миллиард дол­лар­лық табыс әкеледі екен. Сол сияқты Ұлыбритания 40 миллиард доллар инвестиция құйса, ол 1 триллион 140 миллиард болып қайтатын көрінеді. Яғни, білім берудің тиімділігі 2897 пайызды құрайды екен. Осы ретте Мұ­хам­бет Жұманазарұлы жаңа технологиялар патенттерін сатып алу, инвестициялық ахуалды жақсарта отырып шетелдік инвесторларды тарту қажеттігіне назар аударды. Бұл жөнінен Сигапур мысал бола алады. Соңғы 40 жыл ішінде осы елдің ІЖӨ-сі 100 есе өскен. Мұндай нәтижеге жетудің сыры осы ел лидері Ли Куан Юдің адам ресурсына маңыз беруінде жатыр. Оның үстіне Сингапур білім беру саласына мемлекеттік бюджеттің 20 пайыздайын жұм­сау­да. М.Көпеевтің пікірінше, ол мақсатқа қол жеткізу ұлттың ин­теллектуалдық әлеуетіне, біліміне, кәсіби даярлығына тікелей бай­ланысты. Оған адам капи­та­лын дамытуға елеулі үлес қосып, «білім экономикасын» инвестициялап келе жатқан әлемдегі дамыған мемлекеттердің өнімді өнегесі дәлел болып табылады. Сапалы білім беру Қазақ­стан­ды индустрияландыру мен ин­но­вациялық дамытудың негізі бо­луы тиіс екенін атап өткен М.Көпеев 2011-2020 жылдарға ар­налған Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын құқық­тық қамтамасыз ету мәселеле­ріне тоқ­талды. Төраға орын­басары атап өткендей, әлемдік білім беру және ғылыми стан­дарттарды отан­дық білім жүйе­сіне енгізу тиісті заңнамалық базамен қол­дау тапты. Олар – «Білім ту­ра­лы», «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Назарбаев қо­ры» мәртебесі туралы», «Ғылым туралы» заң­дар. Бүгінде білім беру саласын­да 80-нен астам халықаралық келісімдер жүзеге асып отыр. Инновациялық экономиканы дамытудың негізгі шарты ретінде білім беру жүйесін одан әрі көте­ру мәселелеріне тоқтала келіп, сенатор Хусайын Валиев оқу орындарына берілетін лицен­зия­ның қолдану мерзімін, жас ға­лым­дардың шетелдерде тәжірибе жинау мүмкіндіктерін құқықтық тұрғыда бекіту, жоғары оқу орын­дарының материалдық база­сын нығайту саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мәселелерін қарастыруды ұсын­ды. Депутат сондай-ақ осы за­манғы жағдайға бейімделген «Жас­тар және жастар саясаты ту­ралы» заңды әзірлеу туралы айтып, алдағы уақытта білім беру, ғылым және инновациялық қызмет туралы заңдарды «Ұлт­тың зияткерлік дамуы туралы» жалпы кодекске біріктіруді ұсынды. Негізгі баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов білім және ғылымды дамытудың страте­гия­лық бағдарламасын жүзеге асыру шаралары туралы айтып, осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жайында ұсыныстарын жеткізді. Конференцияда сондай-ақ Ұлттық ғылым академия­сы­ның президенті М.Жұрынов, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары А.Рау, «Назарбаев университеті» АҚ басқарма төрағасы А.Са­рынжипов, «Ұлттық меди­ци­на­лық холдинг» АҚ басқарма басшысы Е.Біртанов, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ жетекшісі С.Әдекенов, сондай-ақ ғы­лыми орталар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өз ойларын ортаға салды. Конференциядағы талқылау­лар­да білім беру, кәсіби маман­дарды даярлау саласын, индус­трия­лық-инновациялық жаңғыр­ту бағдарламасын жүзеге асыру­да­ғы мемлекеттік саясатты заң­на­малық тұрғыдан қамтамасыз ету барысына ерекше екпін берілді. Талқылау нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.